Адалдық және жемқорлыққа қарсы мінез-құлық

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі басымдықтарының бірі – оған қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлықтың жаппай сипатқа ие болуы қоғамның барлық саласына әсер етеді. Онымен міндетті түрде күресіп, жою керек. Біз бұған мемлекет пен азаматтардың әріптестігін, қоғамның сыбайлас жемқорлықты жоюға деген ниетін, мемлекеттік аппарат қызметінің сапасы мен ашықтығын арттырғанда ғана қол жеткіземіз. Сонымен қатар өткір, проблемалық мәселелер бойынша шешімдер қабылдап, билікке деген сенім деңгейін арттырғанда, құқықтық нигилизмді жойғанда, қоғамдағы белсенді азаматтық ұстанымды нығайтқанда мәселе оңынан шешілмек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатында түрлі нысаналы топтар үшін тұрақты түрде өткізілетін ағартушылық, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңызы зор. Діни бірлестіктердің өкілдерін осы шараларға тарту арқылы мемлекет пен азаматтық қоғамның әртүрлі сегменттері арасында байланыс орната аламыз. Бұл үдеріс мемлекет пен қоғам арасында сенім мен өзара қолдау ахуалын орнатуға негіз болады. Сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздікке қатысты мәселелерді шешуге ықпал етеді. Көптеген адамдарда сыбайлас жемқорлық негізгі әлемдік діндер тұрғысынан қалай түсіндіріледі деген сұрақ туындауы мүмкін. Сыбайлас жемқорлықтың тарихы тереңде. Оған әртүрлі сенімді дереккөздерге сілтеме жасай отыра анықталған фактілер мен нұсқаулар дәлел. Яғни сыбайлас жемқорлық – ең көне және БҰҰ Конвенциясы растағандай, әлі күнге дейін толық шешілмеген мәселе. Билерге пара беруден бас тарту туралы шұғыл ұсыныстар Құранда, Інжілде, Трипитакта, сондай-ақ Талмудта және басқа да ежелгі діни мәтіндерде бар. Сыбайлас жемқорлық мотивтерінен ашық түрде бас тарту барлық аврамиялық діндерде (иудаизм, христиандық, ислам) көрініс тапқан. Құдай адамдар ұстануы тиіс белгілі бір мінез-құлықты көрсетеді. Дін рухани мәдениеттің бір түрі ретінде технологиялық құралдардың көмегімен өмірдің негізгі мәселелерін зерттейді. Яғни дін болмыстың барлық аспектілеріне және адам санасына қатты әсер етеді. Христиан дініндегі сыбайлас жемқорлықтың алғашқы дерегі 30 күміс ақша үшін ұстазы Иса Мәсіхке опасыздық жасаған елші Яһуда Искариоттың әрекеті. Басқа апокрифтік басылымдарда тағы бір сыбайлас жемқорлық әрекеттері сипатталады. Мысалы Симон “апостолдардың қолын қою кезінде Киелі Рух берілетінін көріп, елшілерге: маған да осы билікті беріңіз” деп пара бермекші болады. Оған елші Петр: “Сенің күміс ақшаң саған өлім әкеледі, өйткені сен Құдайдың сыйын ақшаға алуды ойладың”, дейді. «Сыбайлас жемқорлық» шіркеудің канондық ұғымында шайтанның азғыруы мағынасына ие. Католиктік ілімде сыбайлас жемқорлық сөзсіз күнәнің көрінісі, өйткені Елші Иоанның айтуы бойынша …күнә болса, заңсыздық бар”. Қазақстандағы ең көп таралған дін – ислам пара беруге және алуға қатаң тыйым салады. Мұсылмандардың қасиетті кітабы Құранның сүрелері мен аяттарында бұл ережелер түсіндіріледі. Құран мәтіндері оқырманды таза және тақуалық өмір сүруге шақырады. Мұсылмандарды әділдік, Құдайдан қорқу, ізгілік, шынайылық, жоғары адамгершілік пен адалдық рухында тәрбиелейді. Құранда сыбайлас жемқорлыққа тыйым салу туралы былай делінген: «Араларыңдағы малдарыңды бұзық жолмен жемеңдер. Сондай-ақ біле тұра адамдардың малынан бір бөлім жеу үшін билерге апармаңдар» (2-сүре “Әл-Бақара”, 188-аят). Осылайша әлемдік діндер сыбайлас жемқорлықты, оның барлық көріністерін бірауыздан айыптайды.

Әрине, парасаттылық идеологиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ажырамас бөлігі екені белгілі. Облыстық дін істері басқармасы әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында адалдық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық құндылықтарын дәріптеу үшін діни бірлестіктердің өкілдерін тарта отыра іс-шаралар өткізеді. Биыл сәуір айында МТРА телеарнасында “Нұр” қалалық мешітінің бас имамы К.Мұстафин «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – әркімнің ісі» тақырыбында әңгіме өрбітті. Өңіріміздегі көптеген діни бірлестіктердің басшыларымен «Жамағат арасында сыбайлас жемқорлыққа, қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында жеке кездесулер тізбегі ұйымдастырылды. Сонымен қатар облыстың діни бірлестіктері көшбасшылары клубының кезекті отырысында парасаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінезқұлық мәселесі қаралды. Оны сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандарымен бірлесіп өткіздік. Мүдделі құрылымдардың, жалпы азаматтық қоғамның бірлескен күш-жігерімен ғана сыбайлас жемқорлықтан бас тартуға болады. Нәсілдік, этникалық, діни және өзге де ережелерге бөлінбесек, сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем қарсы қоғам қалыптастыра аламыз. Роза ҚАСЕНОВА, Облыстық дін істері басқармасының басшысы

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Адалдық және жемқорлыққа қарсы мінез-құлық | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 1 день

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 872Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля