Адамның тегі және жеті ата туралы

Индер ауданында облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 15 сәуірінде Көктоғай селосы Б.Нысанбаев атындағы орта мектептің жоғарғы сынып оқушылары мен мұғалімдері арасында «Адамның тегі және жеті ата туралы» тақырыбын қамтыған кездесу өтті. 


Аталмыш шараға облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының мамандары Қ.Кәрім мен Д.Байбақты, «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теологы Е.Сағынов, АТТ мүшесі Н.Өтегенова қатысып, адам бойындағы асыл қасиеттердің парасаттылықтың үлгісі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа рухани сабақтастықпен берілуі жөнінде әңгіме қозғады. 


Негізгі қозғалған мәселелер – «жеті атаны білу міндетті ме», «жеті атадан қыз алыспауды ғылым мойындай ма», «тектілік дегенді қалай түсінеміз» деген сұрақтар төңірегінде өрбіді. Қатынасушылар тарапынан қойылған сұрақтарға теолог маман Е.Сағынов жауап берді. 


Кездесу барысында хадистерден мысалдар келтіріліп, Б.Момышұлының ұлағатты сөздері, З.Ахметованың «Күретамыр» кітабынан үзінділер айтылды. Сондай-ақ, жас өрендерді ұрпаққа ұлттық рухани тәрбие берудің қайнар көзі – салт-дәстүрімізді құрметтеуге шақырды. 
Жиын соңында қатысушыларға ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.

0

Автор публикации

не в сети 1 неделя

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 859Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля