Айт қабыл болсын!

Құрметті жерлестер!

Сіздерді бүгінгі қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Салт-дәстүрімізбен сабақтасып, рухани құндылығымыздың ажырамас бір бөлігіне айналған бұл мейрам ежелден жұрт асыға күтетін атаулы күн.

Тәуелсіздік жылдары мереке жаңа сипатқа ие болды. Қазір Құрбан айтқа игі амалдар мен ізгі істердің бастау ретінде ғана қарамаймыз. Ел бірлігіне серпін беріп, қайырымдылық пен жақсылық жасаудың жарқын үлгісі салтанат құратын шара ретінде де ұлықтаймыз.

Әлем бетпе-бет келген қиындықты, елде болып жатқан сынақты біз бірлігіміз бен және игі тілегімізбен талап-тәртіптерді сақтай отырып жеңе аламыз.

Мұқтаж жандарға жақсылық жасаудан жарысу биыл жаңа қарқынға ие боларына сенемін. Өтпелі кезеңде бір-бірімізге қолдау көрсету, мейірімділік таныту өте маңызды.

Қазір елдің амандығы мен жұрттың тыныштығы — баршаның басты тілегіне айналғаны сөзсіз.
Шалған құрбандықтарыңыз бен тілеген дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!

Жаратқан жар болып, келесі Құрбан айтқа төрт көзіміз түгел жетіп, айттап мәре-сәре болуды нәсіп етсін!

Құрметпен, Атырау облысының әкімі М.Досмұхамбетов

0

Автор публикации

не в сети 3 года

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 552Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля