Арақ адам баласының жауы!

Қасиетті Құран Кәрімде ішімдік ішудің күнә әрі барлық қылмыстың бастауы екендігі баян етілген. Алла Тағала «Маида» сүресінің 90-91 аяттарында айтады: «Ей, иман келтіргендер! Арақ ішу, құмар ойнау, пұтқа табыну, оқпен бал ашып бәсекелесу – шайтан ісі, жиіркенішті қылықтар. Бақытқа жетем дегендер шайтан ісінен аулақ болыңдар.Сол арақ, құмар ойнау арқылы шайтан сендердің араларыңа дұшпандық-ғадауат тудырады, сендердің намаз оқуларыңа кедергі жасамақ болады. Тәңірді естеріңнен шығаруға тырысады. Арақ пен құмар ойнаудан сонда да безбейсіңдер ме?»-деп, бұл жамандық атаулыдан аулақ болуға шақырады7

Және Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) араққа байланысты он кісіге лағынет айтқан: «Арақты сығушы, сығуға тапсырыс беруші, ішуші, тасушы, алдыртушы, құюшы, сатушы, арақтан түскен пайданы жеуші, арақты сатып алушы және сатып алдырушы» (Тирмизи, Ибн Мәжа). Кез келген адамның ақылдан айырып, мас ететін ішімдік арақ болып табылады. Мұндай ішімдіктің бір жұтымы да – харам. Хадистерде: «Әрбір мас етуші (ішімдік) – арақ, барлық арақ түрі – харам» (Муслим)және «Көп мөлшері мас еткен ішімдіктің аз мөлшері де – харам» (Ахмед, Әбу Дәуід және Тирмизи), – деп баяндалған.

Осы орайда, көпшілікке анық әрі түсінікті болуы үшін арақтың зиян екендігін тасбі моншақтаныдай тізбектеп, Құранда көрсетілген мағыналарын жеткізбекпін. Арақтың алдын алу науқанды жұмыс емес. Баршамыз болып арақтың зиянын насихаттап жүрейік, ағайын! Арақ – барлық жамандықтың кілті.

Арақ – әзәзіл шайтанның зәрі.

Арақ – абыройды кетіруші.

Арақ – ағайындыны ажыратушы.

Арақ – ажалдың қармағы.

Арақ – тозақтың шарабы.

Арақ – отбасын ойран етуші.

Арақ – нәпсінің жолдасы.

Арақ – ақылдыны ақылсыз етуші.

Арақ – құлшылықтан аластатушы.

Арақ – қоғамдағы кесел.

Арақ – зейінді кетіріп, ессіз етуші.

Арақ – иманды кетіреді.

Арақ – ата-анаға құрметті өшіреді.

Арақ – жасаған дұға-тілегің қабыл болмас.

Арақ – нәжістен (тезектен) жаман, ең лас нәрсе.

Арақ – қылмыстың атасы.

Арақ – дінді құртушы.

Арақ – тарихыңды өшіруші.

Арақ – ұрпағыңды ауру етуші.

Арақ – ысырап еткізеді.

Арақ – қарыздандырады.

Арақ – қорлаушы.

Арақ – басыңдағы бақ пен дәулетті тайдырады.

Арақ – қызметтен қудырады.

Арақ – ел-жұртқа қарабет етеді.

Арақ – зинақорлық жасатпай қоймайды.

Арақ – мақсатыңа жетуге кедергі болады.

Арақ – парызды мойныңа қарыз етуші.

Арақ – жан тәсілімі қиын болар.

Арақ – жәннаттың есігін жабады.

Арақ – әуелі жолбарыс етеді, кейін доңыздың кейпіне түсіреді.

Арақ – иманы 40 күн болмас.

Арақ – бала-шағаңның несібесін жалмайды.

Арақ – артық шығын, адал дүниенің берекесін алады.

Арақ – дос арасын ажыратады.

Арақ – бос әрі былапыт сөздерді айтқызады.

Арақ – жақсылық, сауабыңды жоқ етеді.

Арақ – қасықтап жинаған абройыңды шелектеп төккізеді.

Арақ – өкініштерге алып соғады.

Арақ – еркектің қасиетін кемітеді.

Арақ – ашу-ызаға берілетін, сабырсыз етеді.

Арақ – денсаулығыңды бұзады.

Арақ – өсек-өтірік айтқызады.

Арақ – қияметте шәрменде етеді.

Арақ – тез қартайтады.

Арақ – үйдің берекесін кетіріп, пәлекет шақырады.

Арақ – бірлікті-тірлікті бұзады.

Арақ – жалқау етеді.

Арақ – діннен бездіреді.

Арақ – жинаған сауабыңды жоқ етер.

Арақ – қияметте аузына ірің құяды.

Арақ – әркімнің күлкісіне айналады.

Арақ – көздің жанарын тайдырады.

Арақ – бес уақыт намаздан, құлшылықтан тосады.

Арақ – ішушіні тозақтың түбіне тасталады.

Арақ – Алла Тағаланың ең жаман көретін амалы.

Арақ – сатқан да, алған да, ішуші де, тасушы да, алып қой деп құйып берушіде Алла Тағаланың қаһарына ұшырайды.

Сондықтан ертерек тәубеге келіп, шайтанның сусынын ішуден тыйылып, Алла Тағаланың ақ жолына түсуге асығу қажет.

0

Автор публикации

не в сети 1 неделя

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 859Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля