Атырауда «Көшет отырғызу» акциясы өтті

Атырау қаласында аймақты көгалдандыру, көркейту мақсатында өткен «Көшет отырғызу» акциясына облыстық Дін істері басқармасы мен діни бірлестік мүшелері де өз үлестерін қосты. 
Аймақты көгалдандыру мақсатындағы «Көшет отырғызу» акциясына Иманғали, Құспан молла, Мәулімберген мешіттерінің жамағатымен қатар, Жұлдыз, Тасқала елді мекендерінің тұрғындары да белсене атсалысты. 
Орталық басшысы М.Құбышев: «Ағаш отырғызу – сауапты іс. Бұл — тәрбиелік маңызы зор үлкен үлгі-өнеге»-дей келе, акцияға қатысу арқылы аймағымыздың дамуына өз үлесімізді қоса алатынымызды жеткізді. 
Жалпы, тұрғылықты жеріміздің тал-терегін жайқалтып, гүлмен көмкерілген баққа айналдырып, өңіріміздің ажарлы болуына үлес қосу кімнің болса да азаматтық парызы. «Бабалар еккен шынарды балалары саялайды» демекші, отырғызған жасыл желектеріміз тез жерсініп, дала мен қаланың көркіне айналуы үлкен қуаныш. Аталған іс-шара алдағы уақытта жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін болады.

0

Автор публикации

не в сети 3 года

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 552Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля