Атырауда төтенше жағдай режимін бұзу дерегі анықталды


          Атырауда төтенше жағдай режимін бұзу дерегі анықталды. Бұл туралы Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

          Облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының мамандары жергілікті діни бірлестіктерге тұрақты түрде зерделеу жұмыстарын жүргізіп келеді.

          Зерделеу жұмыстары барысында ағымдағы жылдың 22 наурыз күні жергілікті діни бірлестіктердің бірі, төтенше жағдайға қарамастан 31 тұрғынның қатысуымен шіркеудегі қызметті жалғастырғаны анықталды. Осы жағдайға орай, жергілікті полиция қызметкерлері тарапынан ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 476-бабы бойынша тиісті хаттама толтырылды. Нәтижесінде, 23 наурыз күні «Жаңару» Інжілдік Мәсіхші Баптистерінің Қауымы» жергілікті діни бірлестігіне 10 АЕК (26 мың теңге) көлемінде айыппұл салынды.

          Осы орайда, мониторинг жұмысы жалғасатынын қаперге бергім келеді. Сондықтан, төтенше жағдай талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз, – деді Атырау облысының Дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиев.

0

Автор публикации

не в сети 4 недели

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 857Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля