Ауғанстаннан елге оралған 35 этникалық қазақ қазір Алматыда карантинде жатыр

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ауғанстаннан оралған этникалық қазақтарды орналастыру мәселесін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ауғанстаннан елге оралған 35 этникалық қазақ қазір Алматыда карантинде жатыр.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Ерболат Абдулхатинның айтуынша, ведомство Ауғанстаннан оралған этникалық қазақтардың әлеуметтік портретін жасады.

«Келген адамдардың оны 18 жасқа дейінгі балалар, 24 адам еңбекке жарамды азамат және біреуі зейнеткер. 35 адамның 29-ы этникалық виза алды, алты адам өздерінің Ауғанстандағы Қазақстан елшілігінде құрылған арнайы комиссия алдында қазақ ұлты екенін дәлелдеді», – деді спикер.

Абдулхатинның айтуынша, министрлік оларды оралмандар мен қоныс аударушаларды қабылдауға квотасы бар өңірлерге орналастыруды қарастырып жатыр.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Қазақстандықтар «Талибан» үшін алаңдауы қажет пе?

«Аталған квота аясында оларға әр адам басына 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (204 мың теңге) бір реттік төлем беріледі. Сонымен қатар мүмкіндігінше «Еңбек» бағдарламасы аясында салынған баспанамен қамтуға тырысамыз. Немесе мемлекет үйді жалға алу ақысы мен коммуналдық төлемдерді төлеп береді», – деп атап өтті ол.

Қазіргі күні аталған азаматтарға «қандас» мәртебесін беру мәселесі де назарға алынған. Осы мәртебе арқылы квотаға қол жеткізе алады. Олар «қандас» мәртебесімен қатар Қазақстан азаматтығын алуға, тұрақты мекенжай квоталарына өтінім бере алады.

Естеріңізге сала кетейік, 9 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес  Ауғанстаннан 35 қандастың тарихи отанына оралды.

0

Автор публикации

не в сети 1 неделя

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 859Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля