Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов «Литер» газетіне берген сұхбатынан

Сұхбат барысында Е.Нүкежанов мемлекет дамуының зайырлы қағидаттарын нығайтудың маңыздылығын атап өтті: «Зайырлылық қағидаттың арқасында біз әр адамның өз орны бар бейбіт, қауіпсіз және біртұтас мемлекет құра алғанымызды түсінуіміз керек.
Ержан Болатқанұлы Комитет қызметінің негізгі бағыттары, атап айтқанда, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мен деструктивті діни идеологияның ықпалынан зардап шеккен азаматтарды оңалту және «Жусан» арнайы операциясы аясында қайтарылғандар туралы хабарлады. Ол «Қазақстан азаматтарының лаңкестік әрекет аймақтарынан оралуы – мемлекет тарапынан жасалған гуманитарлық акция ғана емес, сондай-ақ қазақ халқының өзіндік дәстүрлері мен құндылықтарының айқын көрінісі…» екенін атап өтті.
Сонымен қатар, Комитет төрағасы Қазақстанда және шетелде діни білім алу перспективалары, АҚШ-пен ынтымақтастық, сондай-ақ дінтанулық сараптамасы не үшін қажет екендігі туралы айтты.

 

0

Автор публикации

не в сети 1 неделя

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 859Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля