Бақыт деген не?

Бақытты болу – адамзат баласын көне заманнан бері толғандырып келе жатқан басты армандарының бірі.

Бақыт туралы ойланбаған, қалам тартып жыр жазбаған даналар мен абыздар жоқ шығар, сірә. Бір қызығы, сол бақытты әркім әр жерден іздеп әлекке түсіп жатады.

Бірі бақытты байлықтан, бірі денсаулықтан, бірі атақ-даңқтан іздесе, енді біреулері жылы ұя, адал жар, бала-шағадан табуды жөн көреді.

Өмірде еңбегін сатып, маңдай термен тапқан бір күндік адал азығын қанағат тұтып, көңілі тоқ, өмірі ты-ныш күй кешіп жатқан адамдар бар. Екінші біреулерді күзеткен қатулы қарауылдары бар, зәулім сарайлар-да тұрады. Ішкені алдында, ішпегені артында. Сырт көзге үлде мен бүлдеге оранған бұл көрінісі керемет бақыттай көрінеді. Бірақ бай адамның бәрі бақытты бола бермейді.

Адамзат бұрынғылардың қолы жетпеген дүние игіліктерін молынан пайдаланып жатқан заманда да көп жүректерде тыныштықтан гөрі үрей басым. Неге десең, өткінші дүние бақыт сыйлай алмайды. Ақиық ақын Мұқағали:

Үміт үзбей іздейді олар,

Тыңдап сол бір жақұтты.

Оны алыстан іздемегін,

Жүректен  тап  бақытты!, –  десе,  Құран  кәрімде:

«Біліп қойыңдар! Дүние тіршілігі – құр ойын-күлкі, алданыш,  сән,  өзара  мақтанысу,  мал-мүлік  пен балалардың көптігімен жарысу ғана» («Хадид» сүресі, 20-аят) деп, бес күндік ғұмырда алданбауды ескертеді. Олай болса, бақыт де-ген перғауындай әлемдегі ең әсем сарайда тұру емес, Харун Рашидтің әскеріндей әскерге қолбасшы болу не-месе Кардованың бақшасындай әсем бақшада серуендеу емес.

Миллиондар жазылған чекте, ең қымбат көлік те, тіл үйірер тәтті тағам да, тіпті бұл дүние бақыттың кілті болмақ емес. Атам қазақ мына өмірді «жалған дүние» деп  бекер  атамаған.

Олай  болса  бақытты  күрмеуге келмейтін қамшының сабындай қысқа дүние мен оның материалдық игіліктерінен емес, басқа құндылықтардан іздеген жөн. Ардақты елші (с.а.с.): «Шын байлық мал-мүліктің көптігінде емес, жан байлығында» деп алтын өлшем айтқан.

Қос дүниенің бақытына жетуге үмбетін сүйреген асыл жан Алланың Елшісі Мұхаммед (с.а.с.) еді. Сүйікті елшінің ғибратты ғұмырына бір сәт көз салып көрейікші. Шатыры  құрма  талының  бұтағынан,  қабырғасы балшықтан  жасалған  бөлмеде  ұйықтап,  аштықтан ішіне екі тас байлап жүретін өте қарапайым жан еді.

Қамыстан тоқылған төсенештен мүбәрәк денесінде ізі қалатын. Үйінде екі айлап қазан қайнамаған кездері болған. Бірақ Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) ең бақытты жан  еді.  Себебі  ол  нағыз  бақытты  дүниеден  емес, иман құндылықтарынан деп білетін. Өйткені Алланың толықтырған нығметі – Ислам діні.  «Мәйда» сүресінің 3-аятындағы: «…нығметімді тамамдадым» дегені осы нығмет болса керек.

Сүйікті  пайғамбарымыз  (с.а.с.)  бақытты  өзгенің қос дүниесін бақытты етуден іздеді. Қаласа әлемдегі ең  бай  адам  болар  еді.  Өйткені  Алла  тағала  мем-лекет  қазынасына  түсетін  олжаның  бестен  бірін Пайғамбардың жеке басына тиесілі деп белгілеген.

Өз жандарынан артық көрген адал сахабалары оған алтын-нан сарай салып беруге қауқарлары жететін. Бірақ ол бір күн тоқ, бір күн аш жүріп, кедейлердің жай-күйін шынайы сезінді. Бір адамның көңіліне иман ұялату жолында бар асылын беруге бар еді. Әзірет Әлиге: «Бір адамның сенің себепкерлігіңмен иманға келуі, сахара толы қызыл түйеңнің болғанынан артық»деп үйреткен жоқ па еді?

Адамзаттың ардақтысынан (с.а.с.) тәлім алған са-хабалар  да  қиыншылық  пен  таршылыққа  мойымай бақытты өмір сүрген. Ел басқарған халифа Омардың (р.а.) қырық жамау жалғыз ғана киімі болған деседі. Үйі де өте қарапайым лашық еді. Ит басына іркіп төгіліп жатқан  біздің  жеп  ішкендеріміздің  сахабалар  дәмін де көрген емес. Күнделікті бір жапырақ нан мен оған жағып жейтін бір қадақ майдан басқа тамағы болмаған және бір аяқкиімді жылдар бойы сүйреткендер де бар еді.

Бір  күні  Сағыд  ибн  Әбу  Уаққастың  ұлы  Омар әкесінің қал-жағдайын біліп қайтпақ ниетпен жолға шығады. Жолшыбай жолдың шаңын бұрқыратып қой айдап бара жатқан бір адамды көріп, жөн сұрайын деп тоқтап күтіп тұрады. Сөйтсе әлгі қойшы өз әкесі екен.

Бірден танып сәлем беріп:

–  Әкем-ау, мына жүрісіңіз не? Бір сәт жинаған дүниеңіздің рахатын көрсеңіз етті, – дейді. Сонда Сағыд ұлына:

–  Маған дүниеңді айтып басымды қатырма, – деп қабағын шытты да:

–  Егер мансапты болуды қаласам, әрине, қолымнан келеді. Бірақ осы өмірімді өзім таңдадым. Бұдан да на-шарын  таңдағым  келеді,  бірақ  Пайғамбарымыздың (с.а.с.) «Расында Алла тағала бақуатты, тақуа және ешкімге  байлығымен  мақтанбайтын  құлын  жақсы көреді» дегенін естіген едім, – дейді.

Сахабалар  өзгені  бақытты  ету  аңсарымен  өмір сүргендіктен дүниенің пәни рақатын іздемеді.

Жүрегіне иман қонғандықтан әлдеқашан бақытын тапқан жан-дар еді. Шын мәнінде адам баласы Ислам дініне тастай берік, Раббысына шынайы құлшылық етсе, дүние мен ақыретте  бақытты  болады.  Ал  Раббысын  мойында-май, иманның дәмін татып көрмегендер өмірдің мәнін пайымдай  алмағандықтан  дүниеде  де,  ақыретте  де бақытсыздық дертіне душар болмақ.

Бақытты  өмір  дегеніміз  уақыт  пен  кеңістіктен тәуелсіз. Құранда: «Сендер өздеріңді өзгертпейінше, Алла  ешбір  қауымды  өзгерпейді»  демей  ме?

Олай болса,  бақыт  кілті  адамның  өз  қолында.  Мұсылман пенде өткенді тағдыр, болашақ өз қолымда деп біліп, Аллаға тәуекел етіп, имандылықтың шыңына жетуге ұмтылады. Қашан жүрегімізбен Аллаға байланып және ісімізбен оны көрсете білсек, сонда ғана жүрек тыныш-талып, көңіліміз жай табады. Құран Кәрімде Жаратқан иеміз «Шындығында, Алланы еске алып қана жүректер жай табады» («Рағыд» сүресі, 28) деп ақиқаттың басын ашып көрсетеді.

Бір  ғалым  «Адам  жүрегі  Аллаға  ғана  тән  орын, оған Алладан өзгені орнықтырма» десе, енді бірі «Бір жүректе екі (бірі Аллаға, екіншісі дүниеге деген) ма-хаббат қатар орнықпайды» деген.

Адам  баласы  мәңгілік  үшін  жаратылғандықтан, жүрегі мәңгі бақи жоқ болмайтын Ұлық Жаратқанға байланғанда ғана қанағат қылады. Шен-шекпен, атақ-абырой,  байлық-мансаптың  ешқайсысы  ақыретте зәредей пайда бере алмайды. Құранда: «Қиямет күні мал-дүниенің де, бала-шаға, әулеттің де түкке септігі тимейді. Ол күні тек қана пәк көңіл, таза жүрекпен кел-гендер ұтады» («Шұғара» сүресі, 88-89) делінген.

«Үміт сәулесі» кітабынан алынды

0

Автор публикации

не в сети 1 неделя

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 859Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля