БАҚ өкілдері арасындағы шығармашылық байқау үздіктері анықталды

          Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының тапсырысымен облыс көлемінде журналистер арасындағы діни экстремизм мен терроризм профилактикасына арналған шығармашылық байқау жарияланған болатын. «Рух» психология және тұлғаны дамыту орталығы ұйымдастырған байқау ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталды. 

          Арнайы әділқазылар отырысы ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде өтіп, барлық ұысынылған материалдар ережеге сәйкес сараланып, талқыланды.
Байқаудың қорытынды рәсіміне Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының басшысы М.Құбышев, басшы орынбасары Г.Қожағұлова, ҚР Журналистер одағының мүшесі, Т.Жаңабай және БАҚ өкілдері қатынасты. 

          Шара барысында Орталық басшысы М.Құбышев байқауды ұйымдастыруда көзделген мақсаттарға тоқталып, діни-рухани және ағартушылық бағытындағы мұндай іс-шараларды жыл сайын ұйымдастырудың тиімділігіне тоқталып өтті.

          Байқау нәтижесінде дін мәселесін қамтыған бірқатар үздік мақалалар топтамасы мен телеарналық жоба иегерлері марапатталды. Атап айтсақ, «Үздік мақала» номинациясы бойынша облыстық қоғамдық-саяси «Атырау» газетінің тілшісі Б.Жанұзақова I орын, облыстық «Ақжайық» газетінің тілшісі Н.Нұғманов II орын, Атырау оқушылар орталығы «Жас журналистер» үйірмесінің жетекшісі Қ.Қуатова ІІІ орынға ие болды. 

          Байқаудың «Үздік телевизиялық материал» номинациясы бойынша I орынды «Атырау» телеарнасының тілшісі Ж.Ғалым, II орынды «Caspian News» ЖШС-ның журналист-редакторы Д.Махимов, ІІІ орынды «Астана» телеарнасы ЖШС-ның Атырау облысындағы меншікті тілшісі Б.Ізімова алды. 

          Сонымен қатар, қалған қатысушылар Атырау облыстық қоғамдық-саяси «Прикаспийская коммуна» газетінің тілшісі А.Тұрғанова, «Атырау» телерадиосының редакторы Н.Әмірашев, «Қазақстан» РТРК» АҚ облыстық филиалы «Атырау» телеарнасының жүргізуші-редакторы Ш.Сисеналиева, «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының Атырау облысындағы меншікті тілшісі Ж.Темірғалиевке «Алғыс хат» беріліп, қаржылай сертификаттар табысталды.

0

Автор публикации

не в сети 4 недели

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 857Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля