Бізді танимысың?

Атақты әулие Жалаладдин Руми бір кісінің көңілін қалдыру Қағбаны мың рет құлатқанмен бірдей деген екен. Ал досты қуанту екі дүниеде де кәдесі берілетін дұрыс қадам. Жафар бин Мұхаммед атасынан риуаят етеді: «Егер біреу мұсылманды (досын) қуантса, Алла сол қуантқаны үшін, оған бір періште жаратады. Адам қайтыс болғанда, қабіріне періште келіп; – сен бізді танимысың? – деп сұрайды, – жоқ, сен кімсің? – дейді қайтыс болған кісі. Сонда періште: – Мен пәленшеге жасаған жақсылығыңнан жаратылған періштемін. Бүгін жалғыздығыңа дос боламын, сені есепке тартатын періштелерге беретін жауабыңда жәрдемші боламын. Сен үшін Алланың алдында шапағат етемін. Саған жәннаттағы орныңды көрсетемін» деген екен. (Ибн-и Әбиддүния, Сауап). Иә, дініміз ислам – тек жақсылықты дәріптейтін дін. Сондыұтан исламда қайырымдылық, жақсылық жасау мен мейрімділік өте үлкен маңызға ие. Алла Тағала мұқтаждарға көмектесу, жақсылық жасау туралы «Мәида» сүресінің 2 аятында: «Ізгілік пен тақуалықта өзара көмектесіңдер» деп бұйырады. Үнді радикалдары құлшылық орнын заңмен қудалады 07.08.2023 Садио Мане умра жасады 07.08.2023 Ал ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Қайсыбір мұсылман өзінің бауырына көмектессе, Алла оған көмектеседі» дейді. Осыған қарап, бір-бірімізге бауырмал болсақ, Алла Тағаланың мол шарапатына ие боламыз. Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ kazislam.kz Тегтер: Ғибратжақсылықсауап

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Бізді танимысың? | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 3 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 894Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля