ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ЗАРДАБЫ

Діни экстремизм – діндегі шектен шыққан көзқарастар мен әрекеттерге
берілгендік. Экстремизмнің қорқыту, үркіту, агрессиямен және шектен
шыққан қаталдықпен сипатталатын белгілері көп. Экстремизмнің кең
мағынасындағы ұғымы – мемлекеттік құрылысты күштеп өзгерту немесе
билікті басып алу, мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзуға
бағытталған діни мотивацияланған әрекет және осы мақсатта діни алауыздық
пен өшпенділікті қоздыру. Латын тілінен аударғанда «қорқыныш, үрей»
деген мағынаны білдіретін «терроризм» – экстремизмнің асқынған көрінісі.
Терроризм зорлықтың аса қатыгез, үрейлі түрлері мен әдістерін пайдаланып,
саяси мақсаттарға қол жеткізуді көздейді. Террористік актілердің салдарынан
адамдар жаппай қырылып, бұқара халықтың басым бөлігі психологиялық
қысым көреді, материалдық және рухани құндылықтар қирап, зардаптары
кейде қалпына келмейтін деңгейге жетеді. Мемлекеттер арасында
түсініспеушілік туындап, соның салдарынан соғыс оты тұтанады, әлеуметтік
және ұлттық топтар арасында сенімсіздік пен өшпенділік пайда болады.
Түрлі қылмыстық топтар мемлекеттік билікке ықпал ету не күйрету үшін
террорлық актілерді жүзеге асырады.
Негізінен, экстремистік ұйымдардың негізгі мақсатты аудиториясы
жастардың көп шоғырланған ордасы, яғни әлеуметтік желілер. Жастардың
интернет арқылы радикалдануы жаһандық үдеріс. Оның аясында
әлеуметтік желілер зорлық-зомбылықты насихаттаудың, радикалды
идеялардың таралуының стратегиялық құралы ретінде қолданылады. Бұл
бағытта арбауға түсетін жастардың көп бөлігі 18-30 жас аралығында болады.
Діни экстремизм мен терроризмнің әлеуметтік зияны мен қаупі
төмендегідей:
– қоғам мен мемлекетке аса ауыр психологиялық және материалдық
шығын әкелуі, адам өмірін қиюы;
– азаматтық өшпенділікті немесе алауыздықты тұтатуы, мемлекеттің
конституциялық құрылымын өзгертуді және оның аумақтық тұтастығын
бұзуды мақсат ететін бірқатар заңсыз қарулы құрылымдардың қызмет етуі.
Діни экстремизмнің қылмыстық көріністерінің салдары бірден
байқалмауы да немесе ұзақ мерзімдік зардаптар әкелуі де мүмкін.
Осы орайда жат ағымдардан сақтану барысында еліміздегі әр өңірдің
теологтары діни экстремизм идеологиясы таралуының алдын алу бағытында
мектептерге, колледжерге, университеттерге, сонымен қатар, бірқатар
құзырлы мекемелерде профилактикалық іс-шаралар өткізеді.
Діни-саяси экстремизм әдетте ешқандай ымыраны мойындамай, ортақ
келісімнен бас тартады, ешкімді жақтырмайды, тіпті оларды қолдап жүрген
дін өкілдерінің пікірі болса да ешқандай саяси пікірлермен санаспайды. Діни
экстремизм үшін «Харам мен халал» (арам мен адал), «өзіңе қалағаныңды
басқаға да қала» деген қағидалар болмайды. Олардың басты қаруы қатігездік
пен шапқыншылық. Сонымен қатар, діни антқа байлап қойған адамдардың
экстремистік қатардан шыға қоюы өте қиын.
Егер, экстремизмді айыптау Құран және сүннет негізінде болмаса, онда
адасушы мұсылмандар айыптауды мойындамайды, бос сөз қатарында
қабылдайды. Кінәлілер айыптаушыларды — надан, жалақор ретінде азғыруы
да мүмкін.
Қорытындылай келе, Ислам шариғатымен амал етіп, басқаға үлгі бола
білу, әрі шариғат талаптарын орындау, өркениетті қоғам орнатудағы аса
сенімді жол екенін түсіндіре білу — діни эктремизмге қарсы қолданар ең
үлкен қару.
«Шапағат» деструктивтік діни
ағымдардан жапа шеккендерге
көмек орталығы» қоғамдық
қорының теолог маманы
А.Закария
0

Автор публикации

не в сети 3 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 894Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля