Деструктивті діни ағымдардың идеологиясы

Қазақстан Республикасының 70 пайыз халқы өзін мұсылман деп таныған қоғам үшін Ислам дінінің бүгінгі келбеті көкейкесті мәселе болып табылады. Қазақ жері патшалық Ресейдің боданына айналған тұста патша үкіметі ислам дінінің толыққанды дамуына кедергілер жасады.Осы кезеңдерде діни сауаттылық төмендеді.

Қазақстан өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін қоғам өмірінің барлық салаларында дерлік терең, түбегейлі өзгерістер орын алды. Бұл өз кезегінде дін мен діни құбылыстардың  өзінде де терең өзгерістерге алып келді. ҚР 2011.10.11 № 483-ІV өзгертіліп, қайта қолданысқа енген ар-ождан бастандығы туралы заңында, дінге және діни нанымға байланысты кемсітуге болмайтындығы, сондай-ақ қандай дін болмасын, азаматтардың ерекшеліктеріне қарамастан тең құқылы екендігі жазылған. Дегенмен, соңғы бірнеше жылда қалыптасқан еліміздегі діни ахуал заңдық жағынан болсын, діни сауаттылық тұрғысынан болсын біраз шараларды қабылдау керектігін дәлелдеді деуге болады. Осы орайда жастардың құқықтық және діни сауаттылығын жетілдіру бағытында әлі де атқарылар шаралар көп. Олай болатыны, қазіргі дәстүрлі емес деп атап жүрген діни ағымдардың негізгі назары жастарға бағытталуда . Жат ағымдардың құрығына жастар жағы жылдам түсіп жатыр. Олар, жастар санасын тек қана уландырып қана қоймай, сонымен бірге, өз қатарларына адамдар жинауда және өздеріне пайда әкелетін істермен де айналысуға жастарды пайдаланады.Жалпы, дәстүрлі емес діни ағымдардың көздеген мақсаты – біріншіден, жастардың миын улап, халықты айтқанға көнетін ойсыз топқа айналдырып және санасына әмір жүргізеді. Екіншіден, кез келген адамды халықтың, не болмаса қандай да бір ұйымның құрамдас бөлігі ретінде қарастырсақ, тұлға ұйымның ортасына түскен кезде сол ұйымның ықпалына бейімделгіш келетіні белгілі, сол ұйымның тірі бір қуыршағына айналады.Үшіншіден,тұлға мүлде басқаша ойлап, сол ұйымға тән іс-әрекеттерді жасайды.Мәселен, ерік-жігері төмен жандар сыртқы күштердің әсерімен болған өзгерістерге бейімделгіш келеді. Дәстүрлі емес діни ұйымындағыларды салқын санамен ойлау, ой қорыту қабілеті мүлде тән емес десек, артық айтпаймыз. Осы орайда, бейімделгіш жанды ерекше қаһармандықты, не болмаса қатыгездікті талап ететін әрекеттерге оңай айдап салуға болады.Мұндай жағдайда, жүрексіну, тіпті өзін-өзі сақтау инстинктіне де бағынбауы ықтимал. Себебі ол өзін шексіз күшті сезінеді. Тағы бір айта кетерлігі, бейімделгіш жандар аңғал, сенгіш келеді. Оларды алдап-арбау, қандай да бір теріс мақсаттарға қолдану дәстүрлі емес діни ұйым көсемдері үшін аса қиын шаруа емес.Себебі жүйкесі, ойлау қабілеті зақымданған адамдар шындық пен өтіріктің арасындағы алшақтықты айыра алмайтындықтан, көсемдерінің айтқанына тез бой алдырады. Әрине, белгілі бір тұлғалардың айдап салуымен ашу-ызаға бой алдырған мұндай топқа қарсы келу, оларды жолынан қайтарам деу өте қауіпті екені түсінікті.

Қазіргі таңда дәстүрден тыс діни ағымдар қоғамды іштен ірітіп жатқандығы туралы жиі айтылуда. Алайда, жастар теріс пиғылды ұйымның өз жұмысын нақты қандай әрекеттер арқылы жүргізетінінен бейхабар. Олар дәстүрден тыс діни ағымдар, дәстүрлі діндерден іргесін аулақ салған, белгілі бір діни мақсатты көздейтін ұйым екендігін біледі.Дегенмен , олар өздерін адамның рухани қажеттіліктерін өтейтін, өмірдің мәнін ұғынуға көмектесетін, рухтың мәңгілік екендігін түсіндіретін, пендеге тән қайғы-қасіреттерден құтқарып, өзін-өзі жетілдіруге ықпал ететін адам ретінде көрсетуді шебер меңгеріп алған. Олар діни сауаты жетіле қоймаған, өмірлік бағыт-бағдары жаңа қалыптасып келе жатқан жастарды алдау-арбау арқылы өз қатарларына тартады.

Қазақстандағы қазіргі діни ахуал күрделі әрі сан-салалы. Сөзіміздің дәйекті болуы үшін соңғы кездердегі деректерге назар аудара кетсек, 1989 жылғы 1 қаңтарда 30 конфессияға тиесілі 700-ге жуық діни бірлестіктер болса, 2003 жылдың 1 қаңтарында 3206 діни бірлестіктер жұмыс істеген. 2017 жылғы қайта тіркеу шарасынан бұрын еліміздегі тіркелген ұйымдардың саны 4551-ге жеткені белгілі.

Қазақстан жерінде өз идеяларын алып келген және әлемдік мәселе ол “Сәләфизм”. Бұл ағым елімізде 10-12 жылдың ішінде өздерін танытты. Сәләфизм дегеніміз – Исламды сәләф салихтің түсінігімен түсініп, олар амалға асырған іс-әрекеттерді сол қалпында қабылдауды мақсат тұтқан ағым. Қазіргі Сауд Арабиясы территориясындағы Нәжд аймағында пайда болған, Мұхаммед бин Абдулуаһһаб негізін қалаған «уаһабилік» қозғалысы кейініректе «сәләфилік» деп аталып кеткен. «Салафизм» қазіргі әлемдік жаһандандыру саясаты секілді жалпылықты мақсат тұтқан идея болып саналады. Ол  ұлттар мен халықтардың ерекшеліктерін, құндылықтарын жоюға бағытталған. Және мұны «ақиқат, тауһид, таза ислам және Құран мен сүннет жолы» секілді ұрандарды жамылып, солардың тасасында жүзеге асыру көзделген. Осылайша салафтар қазақ халқының және басқа да халықтардың ұлттық құндылықтарын, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін шариғат шарттарымен өлшемей, сарапқа салмай, бірден бидғат деп жариялайды. Сонымен қатар, «бидғатқа қарсы бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып күресу — әрбір мұсылманның парызы» — деп уағыздайды.

ҚР мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаев: Салафизмге қарсы идеологияны , «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизм және терроризм мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды.«Заң жобасында идеологиялық қарсы тұру немесе салафизм идеологиясына қарсы күрес мәселелері қамтылып отырған жоқ. Салафизм — бұл идеология. Ал идеологияға тек идеологиямен ғана қарсы тұра аламыз. Яғни, халыққа түсіндіру, мемлекеттің осы бағыттағы саясаты, біздің ханафиттік мәзхабымыз туралы кеңінен түсіндіру керек. Мен мұны жалпылама айтып отырмын, өйткені, заң жобасында идеологиялық немесе басқа да қызметтер туралы толық қамтылмаған», — деді Мәулен Әшімбаев. Сонымен қатар, депутат аталған мәселе жұмыс топтары аясында кеңінен талқылауға мүмкіндіктер болатынын жеткізді. «Әрине, өте күрделі мәселе. Бірдеңе сараптап, бір мәселелерді бөле-жара алып айту, норма енгізу оңай емес. Дегенмен, халықаралық тәжірибелерді зерделей отырып, жұмыс істеуге болады деп есептеймін», — деді М. Әшімбаев. Талқылау барысында Қазақстан мұсылмандары басқармасы төрағасының орынбасары, Әзірет Сұлтан мешітінің бас имамы  Наурызбай қажы Тағанұлы мешіттен басқа орындарда уағыз жүргізу мәселесіне түбегейлі тыйым салу керектігін алға тартты. Аталған дәстүрлі емес исламға жат ағымдардың біздің қоғамға ықпалын жою мақсатында Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің бастамасымен 2018 жылы діни мәселелер бойынша ақпараттар қабылдау мен азаматтарға консультациялар беру Орталығы құрылды. Оның базасында тәулік бойы тегін қызмет атқаратын – «Қауырт желі — 114» қызметі ұйымдастырылды. Қауырт желі қызметінің мәні – азаматтарды дін мәселесі бойынша тәулік бойы тегін ақпараттандыру мен дін саласындағы заңдардың бұзылуы туралы мәліметтерді жинақтау мен оларды құқық қорғау органдарына жолдау болып табылады.

Демек, қазіргі кезде байсалды болып көрінген топтардың, мүдде талабына сәйкес, болашақта жоғарыда айтылған «негізгі мақсат» жолында бой көтермеуіне ешкім кепіл бола алмайды. Сондықтан тек елімізді ғана емес, бүкіл ислам әлемін алаңдатып отырған, жастардың санасын улап жатқан бұл идеологияға қарсы ғылыми, ақпараттық және құқықтық тұрғыдағы тиімді шараларды қабылдауды кейінге қалдырмаған жөн.

Қорыта айтқанда, құқық қорғау ұйымдарының ұсынысы бойынша жат ағымдарға дәйекті жауап бере алатындай дінтанушыларды дайындау, дұрыс түсінікті , өзіміздің дәстүрлі дінімізді насихаттау және жастарға діни иммунитеті қалытастыру қажет. Яғни, әрбір тұлға сарапшы болуы керек.

 

0

Автор публикации

не в сети 1 неделя

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 859Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля