Жаңалықтар

Дубайда қазақ мәдени орталығы ашылды

Дубайда Nomad қазақ мәдени орталығы ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ. Алғаш рет қолға алынған жоба ана тілінде еркін ойлап, сөйлегісі келетіндерге арналған. Орталыққа келушілер қазақ тілін үйрену курсына қатысып, қазақтың мәдениетімен жақын танысуға мүмкіндік алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша әрбір келушінің жеке тұлғалық қасиеті ескеріліп, когнитивті ойлауға негізделген тиімді тіл үйрену әдісі ұсынылады. Орталыққа мектеп жасындағы балалар да, ересек адамдар да келе алады. Қазақ тілін жетік меңгеру, сонымен бірге өзіміздің ұлттық мерекелерімізді, салт дәстүрімізді, өзіміздің тарихымызды ұмытпау. Біздің орталықта қазақ тілі ағылшын тілімен бірге жүреді. Мені бүгін қуантқаны балалардың көп келгені, қазақтың ұлттық киімдерін киіп, қазақша сөйлеп, қазақ тілін үйренуге құлшыныстарын арттырып жатыр, – деді Nomad мәдени орталығының жетекшісі Динара Шахметова.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Дубайда қазақ мәдени орталығы ашылды | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 2 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 961Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля