Дінаралық келісімді ел болашағын кемелдендіреді

Дін адамзаттың ажырамас бөлшегі болып табылады.Адам баласы әлсіз жаратылыс болғандықтан өзіне жұбаныш іздейтіні анық.

Мемлекетіміз дінді қатаң ұстану емес, ізгілендіру жолына бет бұрғанымен ерекшеленеді. Дінаралық келісім арқылы дәстүрлі құндылықтарды насихаттауға мән берілуде. Бұл дегеніміз- адамдардың бір бірімен қарым қатынасы, қазақы құндылықтарды сол күйінде сақтай білу. Дінге тарих, құндылық, мәдениет, жаңғыру т.б жатады.Еліміз көп ұлттылықпен ерекшеленеді. Елбасымыз Н.Назарбаевтың дін өкілдерімен кездесуінде елімізде діннің ерекше рөл алатындығын айтып өтті. Қазақстан Республикасы дінаралық келісім жүргізу арқылы татулық, бейбіт өмір сүруде. Дінаралық келісім арқасында мемлекетіміз саяси, мәдени даму үстінде.

Қазақстан зайырлы мемлекеттер қатарына жатады. Зайырлы қоғамда агрессияға түрлі түсініспеушілікке орын берілмейді. Қоғамда діни агрессиялық насихат, түсіндірме жұмыстарын жүргізуге жол жоқ.

Әртүрлі діндердің бір бірінен теологиялық айырмашылықтары болатыны анық. Айырмашылықтардың шешімін ортақ мәмілеге келу арқылы шешіледі. Дана халқымыз: «Қандайда бір жаратылысқа зиян келтірме, қиянат жасама, мұқтаж жандарға барынша көмек жасау арқылы сауап аласын» деген ізгілік принципті ұстанып келеді. Елімізде 18 қазан Рухани келісім күні болып дәстүрлі түрде атылып өтілуде. Рухани келісім күні мереке ретінде тойлануда. Тәуелсіз мемлекетіміздің әрі қарай дамуы осы Рухани келісім күнімен тікелей байланысты. Ел болашағы дінаралық келісім жүргізуіміз арқылы еліміз кемелдене түседі.

Мұсылмандар үшін Әбу Ханифа мазһабы және христиан діннің ұстанушыларға-проваславие бекітілген болатын. Президентіміз Қ.Ж.Тоқаев елбасымыз Н.Назарбаевтің бастамасын қолдап, жалғасын табуда. Елбасымыздың ұстанған принциптері арқасында көптеген жетістіктерге жеттік.Зайырлылық ұғымын ұстануымыздың нәтижесінде келіспеушіліктерді алдын алынған болатын. Мемлекетімізде барлық дінге деген толерантты қарау жүзеге асырылған. Толерантты дегеніміз-қандайда бір дін өкіліне, ұлтына, тіліне,салт дәстүріне, діни сеніміне құрметпен, төзімділікпен қарау. Барлық діни сенімге Қазақстан Республикасы құрметпен қарайды. Яғни дәстүрлі діни сенімді дұрыс деп есептейді. Бұл ұғымды дұрыс түсінуіміз керек. Деструктивті, радикалды көзқарастағы діни ағымдарды қолдайды деген сөз емес. Дінаралық келісімді жүргізу барлығымыздың міндетіміз болып табылады. Басқа дінді ұстанушы азаматтарға өзіміздің мейірбандылық пен ізгілігімізді көрсету арқылы еліміздің дамуына үлес қосамыз.

 

Малика Рустамқызы

«Шапағат» Қоғамдық Қорының

дінтанушы маманы

0

Автор публикации

не в сети 3 года

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 552Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля