Мақалалар

Діни бірлестіктердің мәртебесі

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған уақыттан бастап әрдайым өзінің зайырлы сипатын әртүрлі құқықтық негіздермен нығайтып келеді. 1995 жылы қабылданған Конституцияның 1-бабында өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде көрсетеді.

Зайырлылық ұғымы батыста пайда болғанымен, бүгінде батыс елдерінде оның іс жүзінде орын алуы әркелкі. Әр елдің өзіндік тарихындағы орны мен мәдениетіне ықпал етуіне орай бүгінде мемлекет пен дін қатынастарының түрлі формалары қалыптасқан. Қазақстан үшін де зайырлықтың өзіндік үлгісіне біртіндеп көшу күн тәртібіндегі мәселе.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы рухани бостық дәстүрлі емес діни бірлестіктердің белсенділігін туғызды. Азаматтарының құқығы мен бостандық-тарын дәріптей отырып, ар-ождан мен діни сенім бостандығын шектемеуге ерекше көңіл бөлді. Осы кезеңнен бастап, мемлекет пен дін арақатынасын реттеу мен жүйелеуге бағытталған мемлекеттік саясат тетіктерін жасау қолға алынды. Дін саласындағы қатынастарды реттеуге бағытталған алғашқы заң 1992 жылы 15 қаңтарда қабылданған «Діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктер туралы» заңы болды.

Бұл заң мемлекет азаматтардың діни сенім бостандығы құқығын құрметтейтінін және діни төзімділік саясатын қолдайтынын көрсетті. Діни негіздегі партиялар құру, діннің мемлекет ісіне араласпауы сияқты көптеген мәселелерге көңіл бөлініп, діни ұйымдар мен бірлестіктердің тұғыры мен мәртебесі анықталды.

Алайда 1992 жылғы дін туралы заңның жұмсақтығы діни конфессиялар мен бірлестіктердің санының артуына алып келді. Қазақстан азаматтары, оның ішінде жастар деструктивті культтер мен ұйымдарға кіріп, қоғамдағы діни негіздегі қақтығыстардың туындауына себепші болды.

Діни ұйымдардың көбеюі, миссионерлердің белсенді әрекеті дінге қатысты заңды қайта қарап, өзгерту қажеттігін тудырды. Соның нәтижесінде, 2011 жылы қабылданған заңға сәйкес, діни ұйымдар 2012 жылдың қазан айына дейін орталық немесе жергілікті билік органдарында қайта тіркеуден өтуі тиіс болды. Қайта тіркеу нәтижесінде діни конфессиялар саны 46-дан 17-ге дейін қысқарып, діни бірлестіктер саны 4551-ден 3088-ге азайды.

Елімізде 2011 жылы 11 қазанда қабылданған «Діни қызмет  және діни бірлестіктер» туралы заңның преамбуласында Қазақстанда ханафи бағытындағы исламның және православиелік христиандықтың халықтың мәдениетінің дамуы мен рухани өміріндегі тарихи рөлін танитынын негізге алады. Бұл да Қазақстан үшін жергілікті ерекшеліктерді ескеру мен зайырлылықтың жаңа үлгісіне беттеудің нышаны деп қабылдауға болады.

Сондай-ақ, аталған заң бойынша азаматтар діни бірлестіктер құра отырып, ұйымдаса алады. Діни бірлестіктерді Әділет министрлігінде тіркеудің өзіндік шарттары бар. Бұл шарттар орындалғанда ғана бірлестіктер тіркеледі және қызмет атқара алады. Діни бірлестіктер тіркелмеген жағдайда жұмысын тоқтатуға немесе айыппұл салуға алып келеді.

Қорыта айтқанда, тәуелсіздік алған  жылдардағы діни ахуал алғашқы дін туралы «Діни сенім бостандағы және діни бірлестіктер туралы» заңымен реттелді. Заңның кейбір тұстары мемлекеттің бұл саладағы тәжірибесінің болмауы салдарынан ол уақытта елімізде дәстүрлі емес діни бірлестіктер саны күрт өсті. Ислам бағытындағы керітартпа ағымдар да осы кезде бой көрсетті. Әсіресе, деструктивті діни ағым өкілдері таза исламды жақтау әрі тәухид, бидғат, ширк ұғымдарын ұстанамыз деп, халықтың салт-дәстүрін терістеді. Салдарынан халықтың қалыптасқан діни танымы қайшылыққа ұшырап, билік экстремизммен күрес аясында діни шет көзқарастардың алдын алу бағытына назар аудара бастады.

И.Ғизатов, «Ақпараттық-талдау орталығы» мекемесінің бөлім маманы

0

Автор публикации

не в сети 4 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля