Дін және адам

          Бүгін облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жоспарына сәйкес,  Құрманғазы ауылдық Обаға қарсы күрес мекемесінің ұжымымен ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері кездесіп, «Дін және адам» тақырыбында ой-пікірлерін ортаға салды.

          Аталмыш жиынға облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының бөлім басшысы Е.Боранғалиев пен орталық маманы Б.Жандыбаев, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теолог маманы Е.Бегалиев қатынасты.

Орталық мамандары кездесудің маңыздылығына тоқталып, қазіргі таңдағы аудан бойынша діни проблемалық мәселелер мен деструктивтік діни ағымның уағызшылары туралы ақпарат берді.

Теолог маман Е.Бегалиев өз кезегінде: «Жастардың теріс пиғылдағы жат діни ағымдардың жетегінде кетуі-бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Оның басты себебі: дәстүрлі діні, мәдениеті, тарихы және салт-дәстүрлері жайлы жеткілікті білімдерінің болмауы»-дей келе, дәстүрлі діни бағыт пен деструктивті діни ағымның айырмашылықтары жөнінде түсінік берді.

0

Автор публикации

не в сети 1 неделя

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 859Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля