Дін және жастар

Ағымдағы жылдың 11-шы қыркүйек күні Қызылқоға ауданында облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспарына сәйкеc,Қызылқоға ауданы, Қарабау ауылдық округі,  Қарабау орта мектебінде ұстаздар мен оқушыларға кездесу өтті. «Дін және жастар» тақырыбын қамтыған кездесуге Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының «Мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-әрекет ету» бөлімінің басшысы А.Бақтығалиев, Ақпараттты-талдау орталығының маманы Н.Ғизат «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теологы Ш.Темірқұлұлы, Қызылқоға ауданы «Бәйтерек» мешітінің бас имамы М.Сұлтанов, қатысты. Алдымен, Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының «Мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-әрекет ету» бөлімінің басшысы А.Бақтығалиев ашып, Ақпараттық – талдау орталығының жұмысымен таныстырып, мақсат-маңыздылығына тоқталды. Мамандар бүгінгі күні жастарды толғандыратын әр түрлі мәселелерге тоқталып, қоғам мен мемлекет тыныштығын бұзатын әрекеттерден сақтанудың қажеттіліктерін айтып жеткізді. «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теологы Ш.Темірқұлұлы тақырып төңірегінде өз ойын жеткізді. Қызылқоға ауданы «Бәйтерек» мешітінің бас имамы М.Сұлтанов жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт-дәстүрлердің тәлім-тәрбиелік, білім-танымдық рөлі зор. Ұлттың бүгінгі де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты деп өз ойын жеткізді. Кездесу соңында ұстаздар мен оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, оларға нақты жауаптар алды.

0

Автор публикации

не в сети 1 неделя

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 859Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля