Дін заңнамасындағы өзгерістер нені көздейді?

Еліміздің дін саласы – өзекті салалардың бірі. Осыған орай дін туралы заң да уақыт талабына сай жаңартылып, жетілдіріліп отыруды қажет етеді. Өткен жылдың соңында арнайы құқықтық мониторинг нәтижесі бойынша «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңның тиімсіз іске асырылған баптарына өзгерiстер мен толықтырулар енгізілген болатын. Бұл өзгерістер қандай мақсатпен, нендей себептерге байланысты жүзеге асырылды?

Қолданыстағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2011 жылғы 11 қазанда қабылданған. Заңда халықаралық тәжірибе ескерілген, яғни адам құқықтарының жалпыға танылған негізгі стандарттарына сай келетін діни сенім бостандығын қорғауға және елімізде конфессияаралық бейбітшілікті қамтамасыз етуге бағытталған.

2021 жылдың соңында аталған заңға енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар діни бірлестіктер мен азаматтық қоғам өкілдері, сарапшылармен өткен түрлі іс-шараларда талқыланып, басым көпшілігінен қолдау тапты.

Заңға енгізілген жекелеген нақты өзгерістер дін саласындағы заңнаманы жетілдіруге және оңайлатуға бағытталған. Бастамалардағы әр мәселе ерекше атап өтетін жайт. Президентіміздің «Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы» Жарлығының ережелерін іске асыру жоспарында діни бірлестіктерді тіркеу тәртібі мен құруды жеңілдету және конфессияаралық өзара іс-қимылға қолайлы жағдайлар жасау бойынша түзетулер енгізу көзделген болатын. Тиісінше, түзетулер жоспардағы қолайлы жағдайлар жасау мәселелерін де қамтыды.

Дінтанулық сараптамада тек «дінтану» мамандығын ғана емес, басқа да білім салаларының қажеттілігі айқындалған. Осыған байланысты, діни сараптама жасауда басқа да сала мамандарының көмегіне жүгінуге тура келеді. Бұл арқылы қиын мәселелерді шешудің оңтайлы жолдары табылып отыр. Яғни, «Дінтану» мамандығы жиынтық болып саналып, түрлі аспектідегі діни мағлұматтарды біріктіруге бағытталуы тиіс.

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңға енгізіліп отырған өзгертулер мен толықтыруларды қабылдаудың негізгі мақсаттарына тоқталып өтсек:

– Біріншіден, заңнамада «діни мазмұндағы ақпараттық материалдар» термині пайдаланылады, алайда терминнің мазмұны ашылмаған.

Осыған орай «Діни мазмұндағы ақпараттық материалдар» дегенге келесі ұғым енгізілді – бұл кез келген материалдық жеткізгіштегі діни сипаттағы баспа, электрондық және өзге де ақпарат.

– Екіншіден, ғибадат үйлерінен тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге рұқсат беру сипатынан хабарлама сипатына өтті.

Бұл түзетудегі діни іс-шараларды тек қана діни бірлестіктер өткізеді.

Сонымен қатар, түзетудегі діни іс-шараның жаназа намазы, ауызашар секілді және басқа да жеке адамдар өткізетін діни жоралар мен рәсімдерге мүлдем қатысы жоқ.

Бұл жерде тек діни бірлестіктердің ғибадат үйлерінен тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізу туралы хабарламарын реттеу қаралған.

Ал жаназа намазы, ауызашар секілді және басқа да діни рәсімдер қолданыстағы Заңның 7-бабының 2-тармағында бөгетсіз өтетіні анық көрсетілген.

– Үшіншіден, дінтану сараптамасын жүргізуге саясаттанушылар, психологтар, әлеуметтанушылар және т.б. мамандар тартылатын болады. Бұған дейін тек теологтар мен дінтанушылар ғана жүргізіп келді.

– Төртіншіден, өңірлік діни бірлестіктерді тіркеу талаптары жеңілдетілді.

Бұл түзетудегі ең маңызды жайт, 2011 жылдан бергі өңірлік діни бірлестік болып тіркелу үшін 500 азамат болуы қарастырылған талап мүлдем өзгермеді. Сондай-ақ бұл жерде жаңа діни бірлестіктер құрылмайтынын түсінген жөн. Тек қана заң аясында қызмет етіп жүрген жергілікті діни бірлестіктер бірігіп, өңірлік діни бірлестік болып тіркелу үшін қарастырылған жеңілдіктер.

Бұл түзету арқылы тек әр жергілікті діни бірлестіктен 250 қатысушы қажеттігі туралы талапты алып тастау арқылы жеңілдетілген.

Дін туралы заңға өзгертулер Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін қайталануларға, олқылықтарға не болмаса ескірген заңдарға енгізілді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың құқық нормаларын анықтау және қабылданған нормативтік құқықтық актілерді іске асыру тиімділігін болжау, талдау, бағалау арқылы оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстарды тұжырымдау мақсатында құқықтық мониторинг жүргізіліп отырады.

Сөз соңында еске сала кетсек, әркімнің ар-ождан бостандығына құқы бар. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, діни немесе өзге де нанымдарды ұстануға, оларды таратуға, діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға және миссионерлік қызметпен айналысуға әр азамат құқылы. Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс.

Мақсатбек МАХАНБЕТОВ,
Маңғыстау облысы дін істері басқармасының бастығы

0

Автор публикации

не в сети 4 недели

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 857Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля