Дін мамандары жазасын өтеушілермен кездесті

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, ислам мен ғылымның өзара байланысын ұғындыру бағытында УГ-157/9 түзету мекемесінде террористік және экстремистік баппен сотталған азаматтар арасында кездесу өтті.
Шараға УГ-157/9 түзету мекемесінің теологы, әділет кіші лейтенанты А.Мұқашев жетекшілік етіп, Астана қаласынан Ислам зерттеу орталығының директоры, исламтанушы, РhD докторы Б.Мырзаев арнайы қатысты.
Дін қызметкерлері азаматтарға исламдағы ілім мен ғылымның маңыздылығын түсіндіре келе: «Исламның негізгі екі қанаты бар. Біріншісі – шариғат пен ақлақ болса, екіншісі – білім мен ғылым. Егер қандай да бір мұсылман осы екі қанатының біреуін толық меңгермесе немесе жартылай меңгерсе, ол нағыз білікті мұсылман саналмайды. Өйткені, бүгінгі қоғамдағы ең өзекті мәселе осыдан туындап отыр» дегенді баса айтты.
Арнайы ұйымдастырылған шарада бірнеше өзекті тақырып қозғалды. Сондай-ақ, дін мамандары деструктивті діни ағымның қоғамдағы зардабы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

0

Автор публикации

не в сети 1 неделя

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 859Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля