Дін — рухтық тәрбие

        Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жоспарына сәйкес, бүгін  Мақат мұнай-газ технологиялық колледжінде «Дін-рухтық тәрбие» тақырыбында оқу орнының ұжымымен кездесу өтті.

Кездесу барысында рухани имандылық тақырыбы сөз болып, жастарды имандылыққа тәрбиелеудің маңызы айтылды.

 Шараға облыстық Дін істері басқармасы ақпараттық-талдау орталығының мамандары Р.Алиева мен Қ.Құбайдоллаев, ақпараттық – түсіндіру тобының мүшелері Қ.Мыңтұрғанов пен Р.Үмбетова,  «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теолог маманы Ш.Темірқұлұлы қатысып, қоғамдағы діни ахуал мен тұрғындардың діни сауаттылығынарттыру туралы пікірлерін ортаға салды. Кездесу  соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.

0

Автор публикации

не в сети 1 неделя

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 859Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля