Дін саласындағы зайырлылық талаптары мен құқықтық негіздері

Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының тапсырысы негізінде «Рух» психология және тұлғаны дамыту орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде «Дін саласындағы зайырлылық талаптары мен құқықтық негіздері» атты бір күндік біліктілікті арттыру семинары өтті.

Семинар облыстық АТТ мүшелерін, мемлекеттік қызметшілерді және ҚАЖ қызметкерлерін қамтыды. Аталмыш шарада сарапшы-теолог, дін мәселелері жөніндегі республикалық АТТ мүшесі Р.Чингужанов пен «Парасат»  кеңес беру-әдістемелік орталығының директоры И.Беркімбаева дәріс жүргізді.

Семинар барысында дәріскер Р.Чингужанов Ислам дінінің негіздері, Қазақстан аумағында Ислам дінінің пайда болуы және таралуы жөнінде сөз қозғап, психологиялық тәсілдер мен радикалды көзқарастағы адамдардың тәртібін түзету жайында айта келе, деструктивті діни ағым өкілдерінің ықпалына жастардың қалай түсетіні жайында баяндап, олардың алдын алу мақсатында жұмыла қызмет атқару қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ, деструктивті діни ағым өкілдерінің әлеуметтік желі арқылы қалай алдап-арбайтыны туралы сөз қозғап, тыйым салынған діни әдебиет түрлерін атады.

Семинардың екінші бөлімінде И.Беркімбаева шешендік шеберлік арқылы аудиторияға тиімді ықпал ету, жұртшылық алдында сөз саптаудың кәсіби ерекшеліктері бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.

Курс соңында қатысушыларға арнайы сертификат табысталды.

0

Автор публикации

не в сети 3 года

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 552Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля