Дәстүрлі емес діннің қоғамға залалы

Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде Махамбет ауданы Сарытоғай ауылының тұрғындарымен және оқушыларымен  «Дәстүрлі емес діннің қоғамға залалы» тақырыбында кездесу өтті.

Жиынға облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының мамандары және АТТ мүшесі Ұ.Төлегенов қатысты.

 АТТ мүшесі Ұ.Төлегенов өз сөзінде: «Қазіргі таңда дәстүрден тыс діни ағымдар қоғамды іштен ірітіп жатқандығы туралы жиі айтылуда. Алайда, жастар теріс пиғылды ұйымның өз жұмысын нақты қандай әрекеттер арқылы жүргізетінінен бейхабар. Олар дәстүрден тыс діни ағымдар, дәстүрлі діндерден іргесін аулақ салған, белгілі бір діни мақсатты көздейтін ұйым екендігін біледі. Алайда, олар өздерін адамның рухани қажеттіліктерін өтейтін, өмірдің мәнін ұғынуға көмектесетін, рухтың мәңгілік екендігін түсіндіретін, пендеге тән қайғы-қасіреттерден құтқарып, өзін-өзі жетілдіруге ықпал ететін адам ретінде көрсетуді шебер меңгеріп алған»-дей келе, теріс діни ағым өкілдерінің діни сауаты жетіле қоймаған, өмірлік бағыт-бағдары жаңа қалыптасып келе жатқан жастарды алдау-арбау арқылы өз қатарларына тартатынын жеткізді.

Жиын барысында орталық мамандары қоғамға залал тигізер дәстүрлі емес  діни ағымдардың шығу тарихы мен олардың түрлерін, оларды қалай ажыратып сақтану керектігін және де Қазақстан Республикасының Әкімшіліқ құқық бұзушылық туралы кодексінің 453-490 баптарын түсіндірді. 

Жиын соңында қатысушыларға ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.

0

Автор публикации

не в сети 3 года

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 552Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля