“Дәстүрлі ислам діні”

«Дәстүрлі ислам – дәстүр мен исламның біріккен түрі. Дәстүр дегеніміз – ешбір киелі кітапта жазылмайтын, атадан балаға, баладан немереге, ауыздан ауызға, фольклор арқылы жететін, отбасыдағы мәдениеттен жалғасқан әдет-ғұрып. Яғни салт-дәстүр мен исламның үндескен жері. «Дәстүрлі діннің не екенін білетін болсақ, жаман пиғылды ағымдардың жетегінде кетіп қалмаймыз. Бұл бұрыннан атадан-балаға келе жатқан, өзінің сара жолы бар, қасиетті кітабы бар, пайғамбары бар діннің түрі. Дәстүрлі діндердің бірі ислам болса, исламның өзі бірнеше топтарға бөлінеді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өзі дініміздің өзі 73 тармаққа бөлініп, соның бір тармағы ғана менің жолым болады деген екен». Ислам діні – тілі мен ділі, дәстүрі мен танымы әртүрлі ұлттар мен ұлыстарды бөле жармай адами құндылықтар төңірегіне ұйыстырады. Бұл ретте хадис тағылымы былай дейді: «Мұсылмандар бір-біріне жанашырлығымен және рақымшылығымен бір дене секілді. Егер дененің бір жері ауырса, онда бүкіл дене онымен бірге ыстығы көтеріліп, ұйқысы қашып, мазасызданады». Ислам – бейбітшілік пен амандық кепілі. Ислам шариғаты адамзаттың бүгіні және болашағы қарсы алдында шығатын барлық мәселелердің гумандық шешімі бар. Исламда зорлық-зомбылық атымен жоқ. Әділеттілік пен теңдік Исламның негізгі қағидаты. Дініміз мәмілегершілік, жақсы мінез-құлық һәм өнегелі насихат арқылы тарады. Ислам әрбір дін өкіліне құрметпен қарайды. Ешкімді дініне, ұлтына, нәсіліне және жынысына қарап бөлмейді. Адамға адами тұрғыдан баға беріп, Алла алдында ешкім ешкімнен жоғары емес, тек тақуалық пен діндарлықта ғана дәрежелері жоғары болады деген сеніммен әрекет етеді. Ақиқатында, мұсылман үмбеті бүкіл басқа үмбеттерге, халықтарға, ұлт-ұлыстарға керемет үлгі.

Тәуелсіздік алғалы руханиятқа шөліркеген халқымыз уақыт өткен сайын имандылыққа бет бұруда. Аллa Тағаланың рахымымен, халқымыздың талпынысымен Ислам діні еліміз Қазақстанда қарқынды дамып келеді. Бұның нәтижесінде мешітке келушілер мен намазға жығылушылар саны артуда. Қазіргі уақытта әлемде 1,5 млрд-қа жуық мұсылмандар өмір сүреді және жыл өте бұл көрсеткіш өсе түсуде. Еліміздің тарихы мен мәдениеті көптеген ғасырлар бойы Ислам дінімен тығыз байланыста дамып келеді. Ислам – қазақ халқының өзіндік руханияты мен мәдениетінің қалыптасуындағы негізгі қайнарлардың бірі болып табылады. Ислам – рухани құндылықтар негізі Ұлттың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылықтары дін қағидаларымен үндесіп жатыр. Дін дегеніміз тек сенім жүйесі емес, ол өмір сүру мәнері, қарым-қатынас әдебі, моральдық нормалар жиынтығы, жақсы мен жаманды, адал мен арамды ажыратушы рухани қағидалар жүйесі. Сондықтан, дін мәселесі руханият мәселесі. Қазіргі уақытта дінді руханият негізі ретінде қарап, оның жасампаз құндылықтарын, рухани әлеуетін басты назарға алғанымыз жөн. Тәуелсіздіктен кейінгі кезең өркениетті дамуға даңғыл жол ашты. Бұл жетістіктер ұлт дүниетанымында орныққан рухани құндылықтар кешенімен сабақтасып, бүгінгі біздің дәстүрлі руханиятымызды қалыптастырды. Қоғамды жақсылыққа бастайтын адами құндылықтың бірі – бірлік пен ынтымақ. Ауызбіршілік қашқан, алауыздық күшейген қоғамда адамгершілік құндылықтар жойылады. Ал, осы адамгершілік құндылықтар мен ынтымақ-бірліктің бастау бұлағы – асыл дініміз Ислам екені белгілі. Қазақ елі өз егемендігін жариялағалы халқымыздың рухани қазынасының тарихи тамырларына, олардың ішінде жалпы адамдық құндылық – дінге деген қызығушылық, ынта мен ықыласы артып келеді. Өйткені, дін адамның бойындағы адамгершілік, имандылық қасиеттердің қалыптасуын көздейді. Адамгершілік пен имандылықтың негізі ар-ождан дейтін болсақ, ал, мұндай асыл құндылықтарды адам мен Алла Тағаланың арасындағы байланыс болып табылатын хақиқи дін ғана шыңдай алады. Құрметті бауырлар! Ислам бізден қоғамдағы ынтымақ пен бірлікті ұстануды бұйырады. Сол себепті Алланың біздерге нәсіп еткен тыныштығын сақтайық. Қақпақ ауылдық «Саудабай» мешітінің имамы Айбалтаев С.А.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: “Дәстүрлі ислам діні” | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 7 дней

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 876Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля