Жаңалықтар

Елордада мұсылман ақсақалдар кеңесі өкілдігі ашылды

Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының ХХІ отырысы аясында Мұсылман ақсақалдар кеңесі өкілдігінің ашылу рәсімі өтті. Игі іс-шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы да қатысты. Парламент Сенатының Төрағасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Мұсылман ақсақалдар кеңесі өкілдігін ашу туралы ұсынысты Әл-Азһардың Жоғарғы имамы, шейх Ахмед әт-Тайеб жасағанын айтты. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастамаға қолдау білдірген. «Мұсылман ақсақалдар кеңесі барлық діндердің ынтымағын нығайтуды көздейді. Осындай беделді ұйымның аймақтағы өкілдігінің Қазақстанда ашылуы біз үшін үлкен мәртебе», – деді М.Әшімбаев. Айта кетейік, Мұсылман ақсақалдар кеңесі – бейбітшілік пен жаһандық дінаралық диалогты нығайту мақсатымен құрылған тәуелсіз халықаралық ұйым. Кеңестің филиалдары бұған дейін Швейцария, Мысыр және Марокко елдерінде ашылған.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Елордада мұсылман ақсақалдар кеңесі өкілдігі ашылды | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 2 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 961Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля