«Жусан» гуманитарлық операциясымен елге оралған әйелдермен семинар-кеңес өтті

Ағымдағы жылдың 22 шілдесінде Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығында «Жусан» гуманитарлық операциясымен елге оралған әйелдерге арналған семинар-кеңес өтті. Әлеуметтік желілердегі деструктивті діни ағымды насихаттайтын топтардан сақтандыруды мақсат еткен шарада және ҚР ӘҚБтК-нің 453 және 490 баптарының әкімшілік жауапкершілігі түсіндірілді.

Шара барысында Орталықтың «Діни бірлестіктермен жұмыс» бөлімінің басшысы А.Айтуов ҚР ӘҚБтК-нің 453 және 490 баптарының әкімшілік жауапкершлігі туралы түсіндіріп, «Оlx», «ВКонтакте», «Instagram», «Telegram» т.б. cекілді әлеуметтік желілерге тұрақты түрде зерделеу жұмыстары жүргізілетінін айтып, әлеуметтік желіде қараған, бөліскен әрбір діни ақпаратқа мұқият болу қажеттігін ескертті.

Әлеуметтік желілердегі деструктивті діни ағымды насихаттайтын топтардан сақтандыру турасында сөз сөйлеген Орталықтың «Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Мағазов интернет желісіндегі деструктивті діни топтардың зиянына тоқталып, ҚМДБ-ның сайттарымен таныстарып, кез келген діни сауалға осы сайттардан жауап алуға болатынын жеткізді.

Шара соңында қатысушылардың діни көзқарастарын анықтау мақсатында арнайы сауалнама беріліп, ақпараттық-танымдық материалдар таратыды.

0

Автор публикации

не в сети 4 недели

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 857Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля