Жылыойдағы жүздесу

Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпарттық-талдау орталығының тапсырысымен Жылыой ауданында ағымдағы жылдың 11 сәуірінде рухани құндылықтарды дәріптеу мақсатында мектеп оқушылар арасында теолог мамандардың қатысуымен кездесу өтті. Кездесуге №9, №13, №15, №16, №18 жалпы орта білім беретін мектептердің оқушылары қамтылды. 


Аталмыш жиынға облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының мамандары С.Бауыржанқызы және Н.Қожықова, аудандық ауданы білім бөлімінің бас маманы А.Орамахова, аудандық орталық ауруханасы әйелдер консультациясының «Отбасын жоспарлау» кабинетінің жауапты психолог маманы А.Естебаева, аудандық перзентхананың бас меңгерушісі С.Мамбетова, «Saltanat Media Group» ЖШС өкілі А.Абдрахманова қатысты. 


Шара барысында орталық маманы Н.Қожықова кездесудің негізгі мақсаты мен міндеттерін түсіндіре келе, ұрпақтар сабақтастығы құндылықтар арқылы жалғасатынын, ұлт тарихы үшін осы сабақтастықтың маңызы зор екендігін атап өтті. 


Өз кезегінде Орталық теологы С.Бауыржанқызы: «Ел өміріндегі шешуші кілт қыздарға берілетін тәлім-тәрбие арқылы өлшенеді. Тәрбиесі түзелмей елдің көсегесі көгермейді, отбасы түзелмей болашақ түзелмейді. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі-өнеге көрген қыз бала болашақта да сол әдебін сақтамақ»-дей келе, қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесі жайында сөз қозғады. 
Қатысушылар саны 150-ден астам.

0

Автор публикации

не в сети 3 года

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 552Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля