Жылыойда флешмоб акциясы өтті


          Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде Жылыой ауданында «Жастар діни экстремизм мен терроризмге қарсы» атты флешмоб акциясы өтті. 

          Облыс тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру, экстремизмнің алдын-алу, дәстүрлі діни құндылықтарды насихаттау мақсатындағы акцияға Жылыой ауданы Құлсары қаласы Жылыой балалар-жасөспірімдер спорт мектебі және ауылдық округтегі №4 Жылыой балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері белсене атсалысты. 

          Ақпараттық-талдау орталығының маманы А.Нұрниязов шараның мақсаты мен міндетіне тоқталып, жас буынды діни экстремизм мен терроризмнен аулақ болуға, онымен күрес жүргізуге шақырды.

          Шара барысында спорт мектебінің тәрбиеленушілері  «Алға, Қазақстан» әнімен флешмоб биін орындады. 

          Шара соңында ұйымдастырушылар қатысушы жастарға ризашылық білідіріп, егемен еліміздің дамуына өз үлестерін қосуға шақырды.

Флешмоб акциясы 80-ге жуық аудан жастарын қамтыды.

0

Автор публикации

не в сети 3 года

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 552Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля