Жылыойда өткен жиын

Жылыой ауданында облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде аудандық білім бөлімінде «Болашаққа бағдар: білім және тәрбие» тақырыбында кездесу өтті.   Кездесуге облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының маманы А.Нұрниязов, облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Н.Төлеуов пен М.Исаинова қатысты.

Кездесу барысында АТТ мүшелері қазақ қоғамының ұлттық ұстанымы мен дәстүрлі құндылықтарын дәріптей келе, дініміз бен салт-дәстүрімізге берік болғанда ғана мықты ел болатындығымызды айтып өтті.

Орталық маманы А.Нұрниязов қазіргі таңда деструктивті діни ағымдардың әсерінен қоғамда болып жатқан келеңсіздіктерді тілге тиек ете отырып, олардың алдын-алу мақсатында дәстүрлі емес діни ағымды ұстанушы азаматтардың сырт келбетін, тыңдайтын уағызшыларын, оқитын кітаптарын, күнделікті қолданатын сөз тіркестерін жан-жақты түсіндіріп өтті.

0

Автор публикации

не в сети 3 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 872Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля