Жылыой ауданындағы мектепте «Дін — дәстүр діңгегі» атты тәрбие сағаты өтті

Жылыой ауданында Ақпараттық талдау орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың ақпан айында «ZOOM» бағдарламасы  арқылы №1 орта білім беретін мектептің жоғары сынып оқушыларымен «Дін-дәстүр діңгегі» атты тақырыпта тәрбие сағаты өткізілді. Кездесуге аудандық Ақпараттық талдау орталығының маманы А.Нұрниязов және №1 орта білім беретін мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі Р.Исламғалиева, аудандық білім  бөлімінің басшысы орынбасары Г.Таңатарова қатысып түсінік жұмыстарын жүргізді.         А.Нұрнизов деструктивті діни ағым мүшелерінің ұстанатын бағыттарын, олардың іс-әрекеттері жөнінде және ҚМДБ уағыздаушылары мен рұқсат етілген діни әдебиеттер тізімін атап өтті. Кездесу соңында оқушылардың қойылған сұрақтарына жауап беріліп, ҚР ӘҚБтК-нің 453-490 бабтарында көзделген құқықтық жауапкершілігі туралы оқушыларға түсіндірілді. Кездесуде  40-ға жуық оқушы қамтылды.

0

Автор публикации

не в сети 1 неделя

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 859Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля