Зайырлылық талаптарына қатысты түсінік жұмыстары жүргізілді

          Атырау қаласы жалпы білім беретін №28 орта мектебінде өткен кездесуде оқушыларға зайырлылық талаптары жөнінде түсінік жұмыстары жүргізілді.

          Кездесуге Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының бөлім басшысы А.Бақтығалиев, Орталықтың теолог маманы А.Мағазов қатысып, ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 453, 490 баптарында көзделген жауапкершілік жөнінде түсінік берді.

          Ұлттық тәрбиедегі салт-дәстүріміздің алар орны жөнінде ой өрбіткен Орталықтың теолог маманы А.Мағазов деструктивті діни ағымдардың шығу тарихы, олардың сырт-бейнесіндегі ерекшеліктері, тұлғаны қоғамға қарсы қоюдағы белгілерін түсіндірді. Қазіргі таңда белең алып жатқан жат ағым өкілдерінен сақтану турасында әңгіме қозғады.

          Кездесу соңы оқушылардың өздерін толғандыратын өзекті сауалдарына ұласып, діни ағымдардың шығу тарихы, олардың қоғамға тигізер зардабы жөнінде теолог маман толық ақпарат берді. Шараға 30-ға жуық мектеп оқушысы қатысты.

0

Автор публикации

не в сети 4 недели

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 857Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля