Жаңалықтар

Зайырлылық тақырыбын қамтыған семинар жалғасуда

Зайырлылық тақырыбын қамтыған семинар жалғасуда 

Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының тапсырысы негізінде «Рух» психология және тұлғаны дамыту орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 18 маусымында «Дін саласындағы зайырлылық талаптары мен құқықтық негіздері» атты бір күндік біліктілікті арттыру семинары өтті. 

Аталмыш семинарға БАҚ өкілдері қатынасып, Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры, «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің докторанты, теолог А.Сабдин мен Ақпарат және медиа мониторингі бөлімінің бастығы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Д.Есенова дәріс жүргізді. 

Семинар барысында дәріскер А.Сабдин тыйым салынған әдебиеттер мен теріс бағыттағы уағызшыларды атап, деструктивті ағымды ұстанушылардың «сенім шеңбері» туралы түсінік берді. 
Семинар жұмысының екінші бөлімінде Д.Есенова «Діни тақырыптарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау әдістері» тақырыбында баяндама оқыды. 
Курс соңында журналистерге арнайы сертификат табысталды

0

Автор публикации

не в сети 6 дней

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 985Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля