Зайырлылық тең құқықтық жүйе

Жылыой ауданында облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 15 сәуірінде №7 жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларымен «Зайырлылық тең құқықтық жүйе» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының бөлім басшысы А.Есқайыров, орталық маманы Н.Қожықова, АТТ мүшесі Н.Төлеуов және М.Исаинова қатысты. 


Шара барысында АТТ мүшелері мектеп қабырғасынан оқушыларымызды діни, саяси сауатты, толыққанды жетілген тұлға етіп тәрбиелеп шығарған жағдайда ғана діни фанатизмнің қауіпінен арашалауға болатындығын, сондай-ақ, діни сауаттылықты қалыптастыру – заман талабы екендігін кеңінен түсіндірді. 


Өз кезегінде Орталықтың бөлім басшысы А.Есқайыров зайырлы ұстаным негізіндегі діни құндылықтар өркениеттердің рухани дамуының кепілі дей келе, ҚР-ның «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының негізгі мазмұны мемлекеттік құқықтық жүйені жетілдіруде азаматтар үшін тиімді өмір сүру салтының оң мәнін табудың ізденісін білдіретінін атап өтті. 


Сонымен қатар, дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын-алу мақсатында олардың шығу тарихы мен таралу жолдары, жеке сипаттары мен пайдалатын әдебиеттері арнайы слайд бойынша түсіндіріліп, ҚР-ның «Әкімшілік құқық бұзушылық» туралы Кодексінің 453, 490 баптарында көзделген жауапкершілік жөнінде түсінік берілді. Кездесу 100-ге жуық адамды қамтыды.

0

Автор публикации

не в сети 3 года

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 552Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля