Зайырлы мемлекеттегі діни ұстаным

Ағымдағы жылдың 10-шы қыркүйек күні Облыстық ақпараттық түсіндіру тобының жұмыс жоспарына сәйкес, Қызылқоға ауданы, Ойыл ауылдық округінде «Зайырлы мемлекеттегі діни ұстаным» атты тақырыпта ауыл тұрғындарымен кездесу өтті. Кездесуге Ойыл ауылдық округ әкімі М.Абызұлы, Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық – талдау орталығының маманы Н.Ғизат, аудандық «Бәйтерек» мешітінің бас имамы М.Сұлтанов, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теологы Ш.Темірқұлұлы қатысты. «Бәйтерек» мешітінің бас имамы М.Сұлтанов зайырлылық Қазақстан Республикасының Конситутциясымен белгіленіп іске асырылып отырған жүйемен, дәстүрлі ислам дінін мойындамай салафилік (уахабистік) көзқарастағылардың заңға қайшы әркеттерін ауыздықтайтын заңдармен таныстырып өтті. Теолог Ш.Темірқұлұлы ислам философтары және ұлттық қазақи тарихи сана туралы айтты. Қоғамдағы жат ағымның зайырлы мемлекеттегі жағдайы мен атқарылып жатырған жұмыстар туралы әңгімеледі. Қазақи салт – дәстүр оның маңызы, әр адамның өмірден өз орнын табудағы тірлігінің қандай болу керек екені туралы көзқарасымен бөлісті. Ислам дінінің құндылықтары мен кескін –келбеті негізгі идеялары туралы теолог Н. Хаван әңгімеледі. Кездесу кезінде «Дүрбі» газеті және бүктемелер таратылды. Кездесу соңында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, оларға жауаптар берілді.

0

Автор публикации

не в сети 5 дней

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 859Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля