Зайырлы мемлекет және діни сенім бостандығы

Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жоспарына сәйкес, бүгін Мақат ауданы А. Құнанбаев орта мектебінде «Зайырлы мемлекет және діни сенім бостандығы» тақырыбында мекеме қызметкерлерімен кездесу өтті.

          Аталмыш кездесуге облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының маманы Р.Алиева, ақпараттық – түсіндіру тобының мүшелері, Р.Үмбетова мен Қ.Мыңтұрғанов,  «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теолог маманы Ш.Темірқұлұлы,  аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Сарбасов қатысып, қоғамдағы діни жағдай мен тұрғындардың діни сауаттылығынарттыру туралы пікірлерін ортаға салды.

Кездесуде зайырлы мемлекет және діни сенім бостандығы тақырыбы аясында сауалдар қойылып, қатысушыларға түсінік берілді.  Сондай-ақ, ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.

0

Автор публикации

не в сети 2 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 872Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля