Зайырлы мемлекет және дін

Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспарына сәйкес, 15 қазан күні Махамбет ауданы Қ.Қалыбеков атындағы орта мектебінің оқушыларымен «Зайырлы мемлекет және дін» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуге облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының мамандары, АТТ мүшесі Ұ.Төлегенов, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теологы С.Сариев қатынасты.

Жиын барысында теолог С.Сариев еліміздің зайырлылық қағидаттарына нұқсан келтіретін діни ағымдардың  түрлері, олардан қалай сақтанып, ажырату керектігі жөнінде, сондай-ақ, ҚР Әкімшіліқ құқық бұзушылық туралы кодексінің 453-490 баптарында көзделген жауапкершілік турасында түсінік беріп өтті. Оның ішінде күмәнді парақшаларға тіркелмеу және кезгелген діни алауыздық тудыратын, терроризм мен экстремиз насихаттайтын материялдары таратып, лүпіл басудан сақтану керектігін баса айтты.

Өз кезегінде АТТ мүшесі Ұ.Төлегенов: «Рухани және діни құндылықтар – мемлекет өмірінің барлық салаларының дамуы мен жалпы көркеюін тежейтін емес, керісінше арттыратын жарқын болашақ. Бұл – білім алып, өзін-өзі дамытуға жетелейтін, адам құқықтарын сақтау мен елдің демократиялық келешегін білдіреді», -дей келе, «зайырлылық» ұғымын мемлекет пен діннің өзара қарым-қатынасын реттейтін, қоғам тұрақтылығы үшін ең басты құндылық болып табылатын ұстаным деп қабылдаған жөн екенін түсіндірді.  

Жиын соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап беріліп, ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.

0

Автор публикации

не в сети 3 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 872Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля