Зайырлы мемлекет және рухани құндылықтар

Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде «Зайырлы мемлекет және рухани құндылықтар» тақырыбында Махамбет ауданы Е.Ағелеуов атындағы орта мектебінің оқушыларымен кездесу өтті.
Жиынға облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының мамандары және АТТ мүшелері Ұ.Төлегенов, Ж.Дүйсембаев қатысты.
Орталық мамандары елімізге, зайырлы мемлекетімізге нұқсат келтіретін дәстүрлі емес діни ағымдар жөнінде ақпарат берді. АТТ мүшесі Ұ.Төлегенов өз кезегінде: «Мемлекетке қажетті нағыз азаматтар құқықты қару етіп ұстана білумен қатар, руханияты, патриотизмі өте жоғары деңгейде болуы керек. Адамның санасының жоғарылығынан, әділеттілік үшін күресте белсенділігінен, өзгелерге қайырымдылығы мен ізгі ниеттілігінен көрініс беретін оның ішкі әлемі «рухани байлығы» болғандықтан, президентіміздің зайырлы қоғам мен жоғары руханиятты ел құру бастамасы біздің ең абыройлы міндетіміз болып саналады.
АТТ мүшесі Ж.Дүйсембаев: «Жастардың білім алу, мамандық таңдау, рухани ұстанымдарын қалыптастыру, қоғамдағы өз орнын табу секілді әлеуметтік кезеңдерден өтуі – өмір заңдылығы»-дей келе, осы әлеуметтік кезеңдерде жеке адамның тұлға болып қалыптасуына көптеген жағдайлар әсер ететіні жеткізді. Жиын барысында орталық мамандары оқушыларға еліміздің зайырлылық қағидаттарына нұқсан келетін діни ағымдардың шығу тарихы мен олардың қалай ажыратып сақтану керектігін және де ҚР Әкімшіліқ құқық бұзушылық туралы кодексінің 453-490 баптарын түсіндірді.
Жиын соңында қатысушыларға ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.

0

Автор публикации

не в сети 4 недели

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 857Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля