Идеологиялық шабуылдарға қарсы психологиялық иммунитет қалыптастыру керек

Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде балалардың психологиялық, моральдық және рухани дамуына теріс әсер ететін мәселелер көп. Біздің ақпараттық кеңістігімізді психологиялық денсаулыққа зиянсыз ету, ақпараттық ортаның агрессивтілігін азайту үшін не істеуге және идеологиялық шабуылдан қалай қорғануға болады? Қазір ақпараттың толассыз ағып жатқан заманы. Оның көптігі соншалық бәрін өңдеп, сүзгіштен өткізіп үлгеріп жатқан жоқпыз. Өкінішке қарай, жалпы ақпарат таң қалдыруға, күшті сезімдер мен эмоциялар тудыруға, ақпараттық аштықты қанағаттандыруға және тез өзгеретін әлемде бейімделуімізге ықпал етуге ғана емес, сонымен бірге біздің психологиялық жағдайымызды нашарлатуға, мазасыздықты арттыруға, қорқыныш сезімін, құрдымға кетуді, әл-ауқаттың тұрақсыздығына, психиканы жарақаттауға, әлемнің жалған бейнесін беруге бейім. Әсіресе теріс немесе бұрмаланған ақпараттар адамның психологиясына жағымсыз әсер етеді, оның мінез-құлқының өзгеруіне, жат салт-дәстүрлерді ұстануға алып келеді. Сондықтан қазіргі таңда теріс ақрпараттарға қарсы иммунитетті қалыптастыру маңызды. Зерттеулерде ақпараттық иммунитетті былай жіктейді: – туа біткен – 1-ден, адам өз-өзін сақтау инстинктінің болуымен түсіндіріледі 2-ден, ақпараттық қауіп туындаған жағдайда интуитивті шешім қабылдау арқылы жүзеге асырылады; – ие болу – ақпараттық қатынастарға қатысушылармен өзара әрекеттесу кезінде субъектінің сындарлы мінез-құлқын анықтайтын мотивтер мен құндылықтардың жинақталған жүйесі негізінде қалыптасады. Зерттеушілердің еңбектерінде идеология (грек. ἰδεολογία; отδέα-дан “прототип, идея” + λόγος “сөз, мағына, ақыл, ілім”) — саясаттың әртүрлі субъектілерінің — таптардың, ұлттардың, қоғамның, саяси партиялардың, қоғамдық қозғалыстардың мүдделерін, дүниетанымы мен мұраттарын білдіретін және қоғамда бар үстемдік пен билікке санкция беру нысаны ретінде әрекет ететін тұжырымдамалық түрде жасалған идеялар жүйесі (консервативті идеологиялар) немесе оларды түбегейлі өзгерту (“сол” және “оң” қозғалыстардың идеологиялары); қоғамдық сананың идеологиясы мен формасы — мәдениеттің, рухани өндірістің құрамдас бөліктері ретінде көрсетіледі. Идеологиялық шабуыл деструктивті бағытта өрбитін болса, қоғамдық, ұжымдық санаға қауіп-қатері жоғары.

Теріс ақпараттар мен идеологиялық шабуылдарға төтеп беру үшін мыналарды назарға алу керек: 1) Адамның сыни ойлауын дамыту керек. Сыни ойлайтын адам кез келген ақпаратты сүзгіштен өткізіп, жалпы адамзаттық құндылықтармен салыстырып, өзіне қаншалықты маңыздылығын ажыратып, қоғаммен байланыстылығын түсіне алады. 2) Идеологиялық құндылықтарды қалыптастыру қажет. Идеологиялық құндылықтар ізденіске адамның ұмтылысын, ақпараттармен және идеялармен жұмыс жасауды анықтайды. Идеологиялық құндылықтар дамыған интеллектпен жиі үйлеседі. Идеологиялық құндылықтары дамыған адамдар үшін өз нанымдарын жеңуге қол жеткізу өте маңызды. Олар қызу түрде өз позицияларын қорғайды және ынта- жігермен жақтастарына тартылады. Идеологялық құндылықтары жоғары адамдар дерексіз ойлай алады, жиі ой-өрісі кең және білімді бола алады. Абай атамыздың 15 қара сөзінде егер кісі орынын таппай, не болса сол бір баянсыз, бағасыз нәрсеге қызығып, құмар болып, өмірінің қызықты, қымбатты шағын итқорлықпен өткізіп алады екен дағы, күніне өкінгені пайда болмайды екен. Кез келген ақпаратты саналы түрде қабыдаған дұрыс. Себебі арман мақсаттардың орындалуына, ниеттің дұрыс болуына, шығармашылық іс-әрекеттің қалыптасуына, психологиялық эмоцияналдың тұрақталуына, қарым-қатынастың дұрыс қалыптасуына, ата-ана мен достарының, қоғамдық ортаның ықпалы әсерінен идеологиялық құныдылықтардың адам ұмтылысындағы орны ерекше екенін атап өтуге болады. Гүлнара Рысбаева Дін мәселелерін зерттеу орталығының психолог маманы

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Идеологиялық шабуылдарға қарсы психологиялық иммунитет қалыптастыру керек | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 7 дней

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 876Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля