Имандылық – рухани тазалық бастауы

Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жоспарына сәйкес, Жылыой ауданы №9 жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларымен «Имандылық – рухани тазалық бастауы» тақырыбында кездесу өтті. 


Кездесуге облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының маманы А.Нұрниязов, облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Н.Төлеуов пен М.Исаинова қатысты.
Шара барысында АТТ мүшелері мектеп қабырғасынан оқушыларымызды діни, саяси сауатты, толыққанды жетілген тұлға етіп тәрбиелеп шығарған жағдайда ғана діни фанатизмнің қауіпінен арашалауға болатындығын, сондай-ақ, діни сауаттылықты қалыптастыру – заман талабы екендігін кеңінен түсіндірді.


Орталық маманы А.Нұрниязов деструктивті діни ағым мүшелерінің ұстанатын бағыттарына, олардың іс әрекеттеріне тоқталып, дәстүрлі бағыттағы діни уағызшылар мен дәстүрлі діни әдебиеттер тізімін атап өтті. Сондай ақ, ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 453, 490 баптарында көзделген жауапкершілік жөнінде түсінік берді. 
Кездесу соңында оқушылар тарапынан қойылған сауалдарға мамандар нақты жауаптар берді.

0

Автор публикации

не в сети 1 неделя

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 859Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля