Иманды ұрпақ – ұлт болашағы

Махамбет ауданында облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жоспарына сәйкес, Қызыл үй орта мектебінің оқушыларымен және ұзтаздарымен кездесу өтті. 


«Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негіздері» тақырыбын қамтыған жиынға облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының мамандары және АТТ мүшесі Ұ.Төлегенов қатысты. 


АТТ мүшесі Ұ.Төлегенов өз сөзінде: «Осы уақытқа дейiн руханиятқа адал қызмет етіп, жалпы адамзаттық құндылықтарды санаға сіңірген дiннiң адам өмірінен алатын орнын терең түсiндіру өте маңызды. Дiн атын жамылып, әлемдік қауымдастықты алаңдатып отырған экстремизм қаупi Қазақстанды да айналып өтпейтіні белгілі. Оның үстіне қоғамда дiншiлдiк деңгейi күн санап артуда»-дей келе, дiн саласында оңтайлы мемлекеттiк саясат қалыптастыру – күн тәртібіндегі аса маңызды мәселелердің бірі екенін айтып өтті. 
Сондай-ақ, «Иманды ұрпақ ұлт болашағы» тақырыбында Алға орта мектебінің оқушыларымен және ұзтаздарымен кездесу өтті. Кездесу барысында сала мамандары тәуелсіздік туын желбіреткен егемен еліміздің болашақ ұрпағын тәрбиелеуде, олардың бойына ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, Отансүйгіштік секілді ең асыл қасиеттерді қаны мен жанына сіңіруде ата-бабамыздың ұстанған жолы, салт-дәстүрінің аясында тәрбиелеу керектігін жеткізді. 


АТТ мүшесі Ұ.Төлегенов: «Имандылық – сан салалы тәрбиенің жиынтығы. Онда білім, ғылым, адамгершілік, ұлттық болмыс – бәрі қамтылып жатыр. Егер тек білім болып, адамгершілік тәрбие болмаса, білімнің ел игілігіне айналуы екіталай. Сол секілді тәрбие ғана болып, білім болмаса, адам баласы еңбектің қат-қабат қиындықтарын бүгінгідей емін-еркін еңсере алмаған болар еді. Ал, ұлттық болмыс біздің ата-баба аманатын іске асырып, болашаққа еңсемізді тік ұстап, абыроймен қадам басуымыздың берік тұғыры болмақ»-деді. 
Жиын барысында орталық маманы С.Құжырбаев дәстүріміз бен ұлттық құндылықтарымызды жоққа шығаратын, жат ағымның шығу тарихы мен оларды қалай ажырату керектігі жөнінде арнайы слайд бойынша талқылап берді. 


Кездесу соңында мектеп директоры келуші қонақтарға алғысын айтып, жиында айтылған мағыналы ойлар оқушылардың өз бойынан табылса нұр үстіне нұр болатындығын жеткізді.

0

Автор публикации

не в сети 2 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 872Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля