Индер ауданында мүшайра байқауы өтті

Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен Индер аудандық жастар ресурстық орталығының ғимаратында мектеп оқушылары арасында «Ұлттық салт-дәстүр – халқымыздың рухани өзегі» атты жыр мүшайрасы өтті.

Қоғамдағы деструктивтік діни ағымдардың таралуының алдын алу, сондай-ақ жастар ортасында қазақ халқының дәстүріне және мәдени мұрасына сәйкес сананы қалыптастыру мақсатында өткен мүшәйра жарысы арнайы құрылған комиссия арқылы қорытындыланды.

Мүшайра соңында талапкерлердің тіл байлығына, сөйлеу мәдениетіне, өлең оқу шеберлігіне мән берген қазылар алқасының шешімімен С.Сейфуллин атындағы орта мектептің оқушысы Тұрсынғали Бақдәулет  І орын, Аққала орта мектебінің оқушысы Кеңес Гүлнәз ІІ орын, Жамбыл атындағы орта мектептің оқушысы Бағдат Елхан ІІІ орын иегері атанды.

Шара соңында жыр додасында белсенділік танытқан оқушыларға ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хаттар беріліп, арнайы сыйлықтар табысталды.

0

Автор публикации

не в сети 3 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 872Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля