Индер ауданында шығарма жазу байқауы өтті

          Индер аудандық жастар ресурстық орталығында Атырау облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен  аудан жастары арасында «Жастар діни экстремизм мен терроризмге қарсы» атты шығарма жазу байқауы өтті.

Байқау мақсаты — қоғамдағы деструктивтік діни ағымдардың таралуының алдын алу, сондай-ақ жастар ортасында қазақ халқының дәстүріне және мәдени мұрасына сәйкес сананы қалыптастыру.

Байқау нәтижесінде жүлделі І орынды С.Сейфуллин атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы Қожасова Малика иемденді. Ал, жүлделі ІІ орынды Аққала орта мектебінің оқушысы Бейімбет Жұлдыз бен М.Сиранов атындағы орта мектептің оқушысы Қалдан Гүлім иеленсе, жүлделі ІІІ орын Жамбыл атындағы орта мектептің оқушысы Шаймарданова Әсемгүлге бұйырды.

Байқауға қатысқан Ш.Уәлиханов және С.Сейфуллин атындағы орта мектептің оқушылары Байронова Іңкәр мен Таташова Мәдинаға алғыс хаттар табысталып, байқауда белсенділік танытқандары үшін ұйымдастырушылар зор ризашылықтарын білдірді.

0

Автор публикации

не в сети 4 недели

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 857Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля