Интеллектуалдық сайыста «Болашақ» колледжінің студенттері белсенділік танытты

Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен «Болашақ» колледжінің студенттері арасында «Не? Қайда? Қашан?» атты интеллектуалдық сайыс өтті.
Сайыстың мақсаты — дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, қоғамдық келісімді нығайту, ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеу.
Аталмыш сайысқа облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының бөлім басшысы А.Бақтығалиев, Орталықтың «Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімінің маманы Е.Асқар, колледж оқытушылары О.Кенжеғалиев және Г.Өмірзақова қазылық етті.
Cайыс нәтижесінде шапшаңдығымен көзге түскен «Болашақ» тобыІ орынға ие болса, «Достық» тобы ІІ орын, «Бірлік» тобы ІІІ орынды иеленді.
Соңында барлық қатысушылар арнайы дипломдар және алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ студенттерге ақпараттық-танымдық материалдар тартылды.

0

Автор публикации

не в сети 2 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 872Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля