Колледж студенттері арасындағы интеллектуалдық сайыс жалғасуда

Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында Атырау медициналық жоғары колледжінің студенттері арасында «Не? Қайда? Қашан?» атты интеллектуалдық сайыс өтті.
Сайыстың мақсаты — дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, қоғамдық келісімді нығайту, ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеу.
Аталмыш сайысқа облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының бөлім басшысы А.Бақтығалиев, Орталықтың «Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімінің маманы Е.Асқар, колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Айдынғалиев қазылық етті.
Бес кезеңнен құралған сайыс тартысты өтті. Cайыс нәтижесінде шапшаңдығымен көзге түскен «Адалдық» тобы І орынға ие болса, «Аялы алақан» тобы ІІ орын, «Бірлік» тобы ІІІ орынды иеленді.
Соңында барлық қатысушылар арнайы дипломдар және алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ студенттерге ақпараттық-танымдық материалдар тартылды.

0

Автор публикации

не в сети 23 часа

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 872Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля