Махамбет Өтемісұлы және ұлттық тәрбие

Кез келген жұрттың өзіне ғана тән ұлттық құндылықтары болады.

Бұл – атадан балаға ұласып, күні бүгінге дейін өз маңызын жоймаған, күнделікті өмірімізден айқын көрініс тауып келе жатқан негізгі ерекшелігіміз.

Халықтың дана өмір салтынан туындап отыратын бұлжымас ережелер мен қағидалар жиынтығы қашанда маңызды рөлге ие. Осы себептен ұлттық тәрбиенің негіздерін бір арнаға түсіріп, жалпы ұрпақ тәрбиесі мәселесінде тиімді пайдалана білу, бүгінгі таңда күн тәртібінде тұрған ең басты қажеттілік.

Махамбеттің қай өлеңін алсақ та, оның негізгі көтеріп келген мәселесі – жас ұрпақты ерлікке патриотизмге, адамгершілікке тәрбиелеу. Оның шығармаларындағы айтылған қағидалар көтерілген мәселелер бүгінгі педагогиканың уақыт талабына қойып отырған мәселелерімен үндесіп келеді.

Махамбет өз туған халқының перзенті ретінде өз елінің болашағынан үлкен үміт күтті, елдің еркіндігін аңсады.

Бүгінде Қазақстан Республикасы – егеменді ел. Тәуелсіздік алған мерзімнің ішінде Президентіміздің басшылығымен біршама жетістіктерге қол жетті.

Махамбет шығармаларының жастардың бойында жағымды адами қасиеттер мен құндылықтарды қалыптастырудағы алатын орны ерекше.

Елдің жарқын болашағы — өскелең жас ұрпақтың біліктілігімен байланысты.

Келешекте жастардың отанын сүйуге, еңбекті, өнерді қадірлей білуге, үлкенді, ата-ананы құрметтеу сияқты халық педагогикасының қағидалары мен халқымыздың ақын-жырауларының асыл үлгілерін бойларына сіңіру үшін оқу-тәрбие жұмыстарына пайдаланудың ықпалы зор.

Ұлттық тәрбиенің өркенді мақсатының бірі- ұлттық құндылық ата-бабалардың сан ғасырлық қазақ ақын-жыраулар мұрасы, келешек жас ұрпақтың санасына сіңіре тәрбиелеудің қуатты құралына  айналуы тиіс.

Ә.Рашитов, «Ақпараттық-талдау орталығының» бөлім басшысы

 

0

Автор публикации

не в сети 3 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 894Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля