Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Пасха мерекесімен құттықтады.

“Құрметті отандастар!

Еліміздің православ христиандарын Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – діндарлар үшін үміт пен сенімге толы, ерекше қуанышты күн. Пасха мейрамы жұртшылықты ізгілікті істер жасауға ынталандырады, жақындарына жанашырлықпен қарап, мұқтаж жандарға көмек көрсетуге жетелейді.

Біздің мәдениетімізбен тығыз астасып, үйлесім тапқан пасха дәстүрлері барлық этнос және діни наным өкілдерін бауырластыра түседі. Сондай-ақ, отбасылық құндылықтарды, қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімді нығайтуға септігін тигізеді.

Пасха мейрамы әр шаңырақты шаттыққа толтырып, бақытқа бөлесін!

Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін!”

0

Автор публикации

не в сети 2 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 872Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля