Мәнсіз білімнің кесапаты

Адамның оқыған оқуы басқаларға көмектесем деген ниетпен орындалмаса, басқадан асып түсем деген ниетке айналады екен.

Біріншісінде «мән» бар.

Екіншісі – «қуыс кеуделік».

Үздіксіз даму біріншіде екен. Себебі сені тербеткен «мән» кеудеңді құндылыққа толтырып, «ҰЛЫ МӘН»-ге жалғайды (діни танымда – Аллаға).

Ұлы мәнге тартылған рух (жан) таусылмас құндылық, бітпес бұлақ, жатқызбас қуат (Абай, Сократ, Фараби, Толстой, Шәкәрім жолдары). Яғни, көкірегіңе біткен қол жетпес ынтықтық сені тоқтаусыз жетелейді.

Екіншісі, басқадан озам деумен алған білім бір күні адам санасында құнсыз болып көрінгенде (осы білімді не үшін оқыдым деген ой қысқанда), пендені құрдымға кетіруші ғана…

Мән жоқ білім нәпсіге (тәннің қамы үшін) ғана бағытталса, тәнің семіріп, жаның бос қалғандай болар. Осы кезде адамға алған білімінің де пайдасы аз болады. Фарабидың: «Тәрбиесіз (мәнсіз, ілімсіз) берілген білім – адамзаттың қас жауы» дейтіні осы.

Хәкім Абай: «Баламды медресеге біл деп бердім» дейді. Ақиқатты білу үшін берілген. Ақиқат ол – адамның бұл дүниедегі негізгі міндеті.

Тағы да Абай: «Шен алсын деп бермедім» дейді. Яғни, нәпсінің қамы үшін бермедім деуде. Тәннің қамы үшін ұмтылыста рухтың қиналуы жатыр. Рух нәпсінің торында қамалса, адам байғұстың шылқыған байлығы мен билігі болса да өмір бойы бақытсыздық пен қанағатсыздықты тартуы содан екен.

Даналардың «әр ісіңде мән болсын» деуі содан. Ісің мен біліміңнен өзің (жаның) зардап шекпес үшін.

Жарас АХАН

0

Автор публикации

не в сети 1 неделя

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 859Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля