Мәслихат депутаттары Ақпараттық-талдау орталығында

          Ағымдағы жылдың 27 ақпанында Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығында Атырау облыстық мәслихатының депутаты А.Абдолов, мәслихаттың аппарат басшысының орынбасары А.Қуанышкереев, бас инспектор А.Аймурзиев Орталықтың қызметімен арнайы танысты.

          Алдымен, Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қ.Көшқалиев Орталықтың ғимаратын аралап, әр бөлімнің атқаратын қызметімен таныстырды.

Осыдан кейін арнайы мәжіліс залында Ақпараттық-талдау орталығының басшы орынбасары М.Құбышев Орталықтың 2019 жылы атқарған қызметтеріне шолу жасап, өңірдегі діни ахуалды баяндап өтті.

Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қ.Көшқалиев «Kazdream Media» компаниясы әзірлеген интернет желісіндегі діни ағымдардың таралуын зерттеу мақсатындағы «Аналитикалық Интернет-карта» бағдарламасы бойынша атқарылып жатырған жұмыстарға кеңінен тоқталды. Қазақстанда көп таралған «Вконтакте», «Instagram», «Twitter», «Facebook», «Одноклассники», «Youtube» және «Telegram» секілді әлеуметтік желілерден мағлұматтарды автоматтандырылған түрде жинау, зерттеу және сараптау қарастырылғандығын атады. 2019 жылы экстремистік мазмұндағы 4000-ға жуық  аккаунт қаралып, 312 аккаунт сараптамаға жолданып, 74 аккаунт бұғатталғанын жеткізді.

Жиын соңында мәслихат депутаты А.Абдолов деструктивті діни ағымдардан сақтандыру мақсатындағы жұмыстарды халыққа кеңінен таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізудің қажеттілігіне тоқталды.

          Сондай-ақ, Орталықтың материалдық-техникалық базасын жаңартуға ұсыныстар беріліп, алдағы міндеттер нақтыланды.

0

Автор публикации

не в сети 3 года

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 552Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля