«Не? Қайда? Қашан?» атты интеллектуалдық сайыс қорытындыланды

          Дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеу мақсатында Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен колледж студенттері арасында өткізіліп келген «Не? Қайда? Қашан?»атты интеллектуалдық сайыс ағымдағы жылдың 25 желтоқсанында қорытындыланды.

          Сайыста С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжі, Атырау медициналық жоғары колледжі, Атырау сервис колледжі, Атырау көлік және коммуникация колледжі, Атырау жоғары «Болашақ» көпсалалы колледжі, Атырау инженерлік-гуманитарлық колледжінің студенттерінен құралған 6 топ өзара сынға түсті.

          Алты кезеңнен құрылған интеллектуалдық сайыста қазақ дүниетанымы, тарихына байланысты сұрақтар, мақал-мәтел, қанатты сөздер, танымдық, логикалық тапсырмалар қамтылды.

          Аталмыш сайысқа Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының басшысы М.Құбышев, Орталықтың бөлім басшылары А.Құмарғалиева, А.Бақтығалиев, Орталықтың теолог маманы Е.Асқар қазылық етіп, «Ең үздік топты» анықтады.

          Cайыс нәтижесінде білімділігімен, шапшаңдығымен көзге түскен С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінің студенттері  І орынға ие болса, Атырау инженерлік-гуманитарлық колледжінің студенттері ІІ орын, Атырау жоғары «Болашақ» көпсалалы колледжінің студенттері ІІІ орынды иеленді. Қалған қатысушы топтарға алғыс хат пен естелік сыйлықтар берілді. 

0

Автор публикации

не в сети 3 года

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 552Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля