Облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті

          Бүгін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің конференц залында Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен жастарды деструктивті діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында  «Жастар тәрбиесіндегі діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мәселелері» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті.

          Конференция жұмысына Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының басшысы М.Құбышев, Атырау қалалық Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, Мәдениет қайраткері, облыстық Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі А.Кенжеғалиев, Атырау мұнай және газ университетінің «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., профессор Б.Нығметов, Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Г.Бозахаева, Атырау қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы С.Қадыров, тілші, облыстық қоғамдық-саяси «Атырау» газетінің әдеби редакторы Б.Жанұзақова, блогер, журналист Д.Мақым, студент жастар және БАҚ өкілдері қатынасты.

Конференция жұмысын Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының басшысы М.Құбышев ашып, жүргізіп отырды.

Орталық басшысы өз сөзінде: «Қоғам тұрақтылығын сақтау мен жастардың отансүйгіштік қасиетін қалыптастыруда дәстүрлі діни құндылықтардың рөлін ашып көрсету маңызды. Өйткені, осы арқылы жастар ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, тарихымызды білуге, жалпы мемлекетіміздің дамуының басым бағыттарын түсінуге бейімделеді», — дей келе, конференция жұмысынан жақсы нәтиже күтетін жеткізіп, конференцияға қатысушы баяндамашыларға сөз кезегін жолдады.

Алғашқы баяндаманы Атырау қалалық Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, Мәдениет қайраткері, облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі А.Кенжеғалиев  жасап, қазақ ұлттық және Ислам діні дәстүрлерінің сабақтастығы тақырыбын кеңінен сөз етті.

          Сонымен қатар, конференция барысында жоғарғы оқу орны оқытушыларының, қалалық жастар ресурстық орталығы басшысының, журналистердің жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында тәжірибе алмасу, жаһандық діни мәселелерді шешуде жаңа әдіс-тәсілдерді ұсыну бағытындағы баяндамалары тыңдалды.

          Баяндамашыларға қойылған сұрақтар мен пікірлер талқыланып, ортақ үндеу қабылданды.

0

Автор публикации

не в сети 3 года

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 552Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля